Байлепесов Жаңаберген: «Тақтан табытқа дейін»

Бисмиллаһ сөздің басы,сөз төресі,

Жазайық ақиқатты көздегесін.

Бұл жалған кімнен қалды,кімге барар?

Ой жүгірттік әңгіме өрбігесін.

Байлықта сын, маңсапта,тақта тағы,

Абырой мен беделің даңты атағың.

Бұл өмірде жұмырбастың бәрі де тең

Қылмасаң жомарттық қып Хаққа жағып.

Алла берді, Алла алар нығыметті,

Күш, қайрат бойдағы мығым етті.

Кәрілікпен кедейлік басқа келіп,

Байлықтыда күштіде жығып жетті.

Тақта тұрдың таймастай көк тіреттің,

Күш көрсетіп сыймастай көкіректің.

Әлсіз жаран,жарлының ақысын жеп,

Көлеңкеңнен болмастай дір-діреттің .

Маңсапқа мас, ақшаға аш қалғандай,

Көз тігіп көрінгеннен сүйрелеттің.

Дәнегіп дәннің ұсақ түйіріне,

Көптердің  шырқың бұзып күйрелеттің.

Байлығыңда кедейдің ақысы бар,

Жинадың дүниені сол себепті.

Жер домалақ, дүние алма кезек,

Қартайып қол көтермес күйге жеттің.

Тірі жан өлім дәмін татады екен,

Ажал келіп өлетін күнде кепті,

Дүниенің жалғанына көзі жетті.

Ақыреттеп аһ ұрып миы тепті,

Алла ұлы деп бір ретте еңкеймепті,

Алтын басы сәждеге иілмепті.

Шыбын жаны шырқырап шықты міне,

Суырғандай тамақтан тікенкті.

Тақтан түсті табытқа келіп кірді,

Қабіріне апарар көлік мінді.

Соңғы сапар қабірге аялдады,

Қап-қараңғы естілмес ешбір үнді.

Қайда кетті дүниең,қайда малың?

Қайда досың, бауырың,сүйген жарың?

Қайда маңсап, атағың мақтанарың?

Қайда бәрі, қыз-ұлың балаларың?

Сен сүйгеннің еш қайсысы баралмады,

Баралмады қалмады шаралары.

Естімейді айқайлап шыңғырсаңда,

Міне енді қалмады еш амалың.

Амалыңа жараса жазаңды ал,

Үміт етіп рақымын бір Алланың.

Сауап істеп аларсың сыйды лайық,

Ертелі кеш Алланы ұлықтайық.

Алладанбыз, Аллаға ораламыз,

Ей адамдар Алланы ұмытпайық

                 Байлепесов Жаңаберген 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники