Арыс ауданы: «Діни экстремизмнің алдын алу»

24.12.2013ж «Қабылсай» негізгі орта мектебінде 8-9 сынып оқушылары арасында «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кесдесу өтті. Аталмыш кездесуге Арыс қаласы «Абдіғаппар» мешітінің имамы Қалқоджаев Құттықожа,Қабылсай елді мекеніндегі «Қабылсай» мешітінің имамы Досымов Абдуәлі, «Қабылсай» орта мектебінің директоры Ш.Жүзжанов қатысты. «Абдіғаппар» мешітінің имамы Қалқоджаев Құттықожа қазіргі таңда елімізді алаңдатып отырған діни ағымдар мен олардың іс-әрекеттері туралы айта келе оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріп, Имам  Ағзам  мазһәбімен  журу  және ҚМДБ-нің  тарапынан  сараптаудан  өткен  діни  кітаптарды  оқуды  тілге  тиек  етті. Келесі сөз кезегін мектеп директоры Ш.Жүзжанов қазақ халқы тек ислам дінін ұстанатынын,басқа діндер санамызды улауына жол бермеуге шақырды.

Арыс қаласының орталық мешіт баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники