Үлкен күнәлар кітабы – Еркектер алтын тағу және жібек киюі, Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер өздерін әйелдерге ұқсатуы, Өлік соңынан дауыстап жылау.

Еркектер алтын тағу және жібек киюі.

Пайғамбарымыз а.с: «Ақыретте несібесі болмаған кісі бұл дүниеде жібек киінеді». (Муслим). Бұл үкім еркектерге тиісті. «Алтын және жібек кию үмметімнің еркектеріне харам, әйелдерге халал». (Тирмизи). Пайғамбар а.с: «Алтын және күміс ыдыста жеу ішуден де қайтарды». (Бухари).

Кім жібек кию, алтын тағу еркектерге халал десе ол кәпір болады. Пайғамбар с.ғ.с. тек қышыма, қотыр болған адамға және соғыста дұшпанға қарсы шығушыларға ғана жібек киюді рұқсат берді. Алтынмен безелген киім аспаптарды істетуден еркектерді қайтарды.

«Бір кісінің қолынан алтын жүзікті көріп, оны шешіп алып: сіздерден біреулерің тозақта бір шоққа қарап ұмтылып оны қолына тағып алады,-деді. (Муслим).

Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер өздерін әйелдерге ұқсатуы

Пайғамбарымыз а.с: «Өздерін әйелдерге ұқсатқан еркектерді және өздерін еркектерге ұқсатқан әйелдерді де Аллаһ лағнет етеді». (Бухари). Яғни сөйлеуде, киінуде, жүруде, қылықта, өзін әйелдерге, әйел еркекке ұқсатуы. Егер әйелдер еркектердің киімін кисе, күйеуі оған үндемесе, ол еркек те лағынеттелген.

Өлік соңынан дауыстап жылау.

Пайғамбарымыз а.с: «Адамдардың арасынан екі кісіде күпірлік белгісі болады, біреуді шыққан тегін айыптау, өлікті жоқтап дауыс шыға-рып жылау». (Муслим). «Дауыстап, айқайлап жылау себепті мәйіт азапталады». (Бухари, Муслим). «Дауыстап жылаушы (өлікке) және оны тыңдаушы әйелдерге лағнет айтқан». (Абу Дауд). «Егер өлікті мақтап: асқар тауым… деп жыласа өлікті періштелер көкірегінен итеріп сен сондайсыңба?–деп азап береді». (Термизи). «Дүниеде жақсы көрген адамның жанын алса (оған сабыр қылып), сауап үміт қылған момын пендеме жәннаттан басқа сыйлық жоқ». (Бухари).

foto: http://nnm.ru

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , , , ,

Пікір жазу