«Қождан ата» мешітінде «Қош келдің, мүбәрәк Мәуліт!» іс шара болып өтті

МӘУЛІТ АЙЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАЛАРЫ

Әз. Пайғамбарамыз Мұхаммед (с.а.с)-ның дүниеге келген Мәуліт-шариф айында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда.

Соның бір көрінісі ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі имамы Б.Мырзагелдиев пен найб имам Т.Дәрібевтың мұрындық болуымен Шымкент қаласына қарасты Достық мөлтек ауданда тұратын жағдайы төмен 14 отбасыға азық-түлік, әр отбасыға 1 тоннадан отын-көмір үлестірілді. Сонымен қатар, 2 отбасының үйінің есік-терезелері пластикалық түрде жаңартылып берілді.

Мұнымен қатар, осы мөлтек ауданға қарасты 20 оқушы балаға түгел қысқы жылы киімдерін алып, қайырымды іс жасалды.

Осы іс шараға демеушілік жасаған бауырларымызға Алла разы болсын!

Бұл қайырымдылық шара облыс көлемінде қолдау тауып отыр.

«Қош келдің, мүбәрәк Мәуліт!»  іс шара ұйымдастырылды

Шымкентте орналасқан «Қождан ата» мешітінде  «Қош келдің, мүбәрәк Мәуліт!»  іс шара болып өтті.

Ардақты  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с)-ның құрметіне арналған іс шараның өтуіне облыс имам орынбасары және осы мешіттің имамы Д.Желеуов ұйытқы болды.

Аталмыш шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі имамы Б.Мырзагелдиев, Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің имамы Е.Қарақұлов және бірқатар зиялы қауым өкілдері мен жамағаттары қатысты.

Іс шара барысында Бас мүфтидің «Дін мен дәстүр» кітабы мен Діни басқарма тарапынан жарық көрген кітаптар таратылып, мәуліт дұғалары оқылып, келген жамағатқа ас берілді.

Мұхамеджан Естеміров,

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары

ОҚО Шымкент қаласы


Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники