Арыс ауданы: Ақдаладағы алғашқы Мәуліт (ФОТО)

Арыс ауданы Ақдала елді мекені Саттар Ерубаев атындағы №23 мектепте Мәуліт мерекесіне орай концерттік бағдарлама болып өтті. Ауыл имамы мектеппен жамағатпен бірлесе отырып Шымкент қаласының ҚМДБ «Ықылас» ҚДО- шәкірттері ұйымдастырған танымды бағдарлама, өнегелі көріністер, жүрек тербетер терме мен ән ұсынып көрерменнің ыстық ықыласын алды. Жағдайы төмен отбасыларға сыйлықтар таратылды.

Бағдарламадан кейін асханада ас әзірленіп дүйім жұртқа  пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы мәліметтері бар парақтар ұсынылды. Ас соңында Құран оқылып ақсақалды аталардың ақ батасын алып жамағаттың көңіл күйі көтеріліп қайтты.

 Майлан Ықыласхан «Ықылас»-  ҚДО-ның директоры

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники