Қасиетті мәуліт мерекесі «әл-Біләл» мешітінде

24.01.2022 ж. жұма күні ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі Шымкент қаласындағы « әл Біләл » мешітінде қасиетті мәуліт  мерекесіне арналған іс- шара өтті.  Бұл басқосуды ұйымдастырған    « әл Біләл » мешітінің бас имамы Талғат Әсембай және мешіт ұжымы мен жамағаты. Мәулітке арнайы ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі Шымкент қалалық « А. Қаттани » мешітінің найб имамы Садиев Амантай Әбілдаұлы және  « Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің бас имамы Гултураев Изатулла шақырылды.  « А. Қаттани » мешітінің найб имамы Садиев Амантай Әбілдаұлы мәуліт айы турасында уағыз айтып, бас мүфти және ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамының аттарынан жамағатты шын жүректен құттықтап олардың сәлемін жеткізді.  « Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің имамы Гултураев Изатулла мәуліт оқып, құран бағыштады. Осы үлкен іс- шараға ұйытқы болып ұйымдастырған « әл Біләл» мешітінің  бас имамы Талғат Әсембай мырза жиналған дүйім қауымға алғысын білдіріп, елімізге, халқымызға береке, бірлік және ынтымақ тіледі. Соңынан жиналған халық арнайы мәуліт мерекесіне жайылған дастарханнан дәм татты.

Сонымен қатар, Талғат Әсембай мешіттің қасында орналасқан аялдамаға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Елбасымыздың жолдауына байланысты үндеуін халықтың назарына ілді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники