Бүгін ақпанның 14-інен 15-іне қараған түні - Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың туылған күні

Бүгін яғни, 2011 жылғы ақпан айының 14-інен 15-іне қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні.

Мәуліт - араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз. Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», - деген. Сондықтан да әр жылы ай тізбесінің рабиғул-әууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулітін мерекелеп, Алла тағала бізді өзінің сүйікті пайғамбары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі етіп жаратқанына алғысымызды білдіріп, сүйікті хабибіне жамағат болып салауаттар айтамыз.

Ізгі ниетпен «Абдул Хамид Қаттани» облыстық, орталық мешітінің ұжымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , ,


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


8 − 7 =