Кеше «Ақмешіт - Сырдария» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

Кеше Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт - Сырдария» мешітінде Пайғамбарлардың сардары хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) - ның дүниеге келген күні, исі мұсылман қауымының Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Мәуліт мерекесіне арналған жиынды «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің бас имамы Дайрабай Серікбайұлы ашып, жиналған мұсылман жамағатын Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Айтулы мерекеге жиналғандарға мәуліт оқылып, уағыз айтылды. Мешітке жиналған жұртшылық бас имам Дайрабай Серікбайұлының айтқан уағызын ұйып тыңдап, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) исламды таратудағы басынан кешкен жағдайлардан кең мағлұмат алды. Жиын соңында мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасты.

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 ақпан.

ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


− 6 = 2