Шардара ауданы: Адамзаттың жүрегіне нәр берген Мәуліт

Адамзаттың асыл тұлғасы, өнегелі өмірімен, ғибратты із қалдырған екі дүние сардары, ардақты пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.а.с) туылған айы мерекесі басталғалы жер — жерден жалғасын тапқан ізгі шаралардың толқыны толастар емес. 2014 жылдың қаңтар айының 22 —  ші жұлдызында Пайғамбарымыз (с.а.с.) туылған күніне орай «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Абай» мәдениет сарайында «Қош келдің Мәуліт» атты мерекелік кеш өтті. Алла тағаланың кәламы  қасиетті Құран кәрімді  «Қоссейіт» мешітінің бас  имамы Бижигитов Нұрахмет оқып, сауабын хазреті Пайғамбарымыз (с.а.с) — ның рухына бағыштады.

ҚМДБ — ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Қымбатов Бекайдар,  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) өмірінен, соңғы қоштасу хұтбасынан уағыз — насихат айтып, жиналған көпшілікті ислам нәрімен сусындатты.

Мерекелік кеште  құттықтау сөзге шыққан аудан әкімінің аппарат жетекшісі Анашбеков Талғат, аудандық мәслихат хатшысы Бердібеков Тоқсанбай жиналған көпшілікті қасиетті ұлық мереке Мәуліт айымен құттықтап, кең байтақ елімізге елге тыныштық, халқымызға  амандық, ырыс — береке тіледі.

Аталмыш кешке Шымкент қаласынан арнайы келген «Асыл мұра» өнер орталығының жүргізушісі Бекзат Сәкенұлының басқаруымен, түрлі діни қойылымдар мен илаһи зікір өлеңдерімен  көрермендерді  өздеріне баурап алды.

ҚМДБ — ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен жарық көрген  «Дін мен дәстүр»,  «Таным тұғыры», «Мүбарак  Рамазан» және т.б  басқа кітаптар жиналған көпшілікке таратылды.

Аудан имамы  Данияров Асылхан  бүгінгі ғибраты мол кешті қорытындылай  келе, жамағатқа берері мол  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) — ның өнегелі өмірін  насихаттауға үлес қосқан, демеушілік білдірген ауыл  сервиз коммуналдық кәсіпорын директоры Акбаров Құрманғазы Тұрсынәліұлына,  мерекелік кештің соңынан «Тұран» мейрамханасында ел ағалары,  ауыл ақсақалдарымен, қонақтарға Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) — ның туылған айына дастархан жайып көпшіліктің батасын алған Сапарова Зерегүл қажы мен ұлы Нұрланға ҚМДБ — ның атынан алғысын білдірді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники