Қаттани мешіті: Қасиетті мәуліт мерекесі «Имам Ағзам» мешітінде

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі Шымкент қаласындағы «Имам Ағзам» мешітінде қасиетті мәуліт  мерекесіне арналған іс- шара өтті.  Бұл басқосуды ұйымдастырған «Имам Ағзам» мешітінің бас имамы Өмірзақов Мамырхан Батуханұлы және  мешіт ұжымы мен жамағаты. Мәулітке арнайы ҚМДБ ОҚО өкілдігі Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің  имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбраймұлы және ҚМДБ ОҚО өкілдігі Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің найб имамы Сарыбаев Қазыбек Сұлтанбекұлы шақырылды.  «А.Қаттани» мешітінің имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбраймұлы мәуліт айы турасында уағыз айтып, бас мүфти және ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамының аттарынан жамағатты шын жүректен құттықтап олардың сәлемін жеткізді.  «Д.Шыңғысбай қажы» мешітінің найб имамы Тастанбеков Мұрат мәуліт оқып, құран бағыштады. Осы үлкен іс- шараға ұйытқы болып ұйымдастырған «Имам ағзам» мешітінің  бас имамы Өмірзақов Мамырхан Батуханұлы мырза жиналған дүйім қауымға алғысын білдіріп, елімізге, халқымызға береке, бірлік және ынтымақ тіледі. Соңынан жиналған халық арнайы мәуліт мерекесіне жайылған дастарханнан дәм татты.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники