Төлеби ауданы: Мәуліт мерекесі атап өтілді

Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі Төлеби ауданында өте қарқынды түрде атап өтілуде. Бұл мереке Көксәйек ауылының «Жеңіс» мәдениет үйінде ерекше бір түрде атап өтілді. Мерекелік іс-шараға ОҚО өкіл имамы Б Мырзагелдиев, аудан имамы Б Қалдаров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары, студенттер, мешіт имамдары, жамағаттар қатысты. Б Мырзагелдиев Пайғамбарымыздың (с.а.у) өнегелі өмірінен өрнектер келтіріп, мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы туралы кеңінен түсіндіріп берді. Мәуліт мерекесін атап өтуге атсалысқан аудан депутаты Мамбетқұлов Сыдық сөз сөйледі. Мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде атап өтілуіне өзіндік үлесін қосқан «Төлеби тегі Дайырбек» мешітінің имамы Аманжолов Асылхан сөз алып, жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, облыс орталығынан арнайы келген «Асыл-мұра» өнер орталығының өнерпаздарына алғыс айтты. Мерекенің соңында ҚМДБ ның төрағасы, бас мүфтидің «Таным тұғыры» кітабы таратылып, мешітте халыққа дастарқан жайылды.

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники