Ордабасы ауданы: Шұбарсу ауылында Мәуліт кеші өтті

Жуырда Ордабасы ауданының имамдарының ұсынысымен Шұбарсу ауылында Мәуліт кеші өтті. Игілікті іс-шараның демеушісі, «Арнест-центр» ЖШС-ның бас директоры, №28 сайлау округінен облыстық маслихатқа депутат Исабаев Әділхан кіріспе сөзінде айтып өткеніндей, Аллаһ тағаланың разылығы үшін Пайғамбарымыз Мұхаммедке (С.Ғ.С) мың-мыңдаған салауат арнаған адамның иманы кәміл. Менің бұған қосарым, соны мүмкін еткен, дініміздің ірге тасын нығайта түсер осындай мүбарак мейрамды ұйымдастыруға, жоғары деңгейде өтуіне сүбелі үлесін қосушының иманы одан бірнеше кәміл.

Бұдан соң тізгінді қолға алған, «Асыл мұра» өнерпаздар орталығын бастап келген Сәкенұлы Бекзат кешті бір деммен тамаша жүргізді.Бекзат бауырымыз бес аспапты байқатты. Хакім Абайдың, басқа да дін ғұламаларының ислам дінінің артықшылықтары насихатталған өлеңдерінен үзінділер оқыды. Әдемі қоңыр дауысымен айтыскер Балғынбек Имашевтің «Аллаға мың шүкір» әнін әуелетті. Орталық әртістері оның сценаридегі «Кең болсаң, кем болмайсың» қойылымын сахналады.

Композитор Спанов Қуаныш аккордеонға қосылып, өзінің «Алланың түсер назары» әнін орындағанда, жиынға қатысушылар қол шапалақтап, қолпаштады.

Ауыр науқас баласын емдету үшін қарыз сұраған анаға өзі ақшадан тарығулығына қарамастан қарайласқан, жүрегінде иманы бар азаматтың өндірісін өркендетуге жергілікті бюджеттен өсімсіз несие берілгені, ал қаражаты бола тұрып, қайырымдылық жасаудан бас тартқан тас жүрек, иманнан жұрдай кәсіпкердің мүлік тола қоймасының жалын құшқаны жөнінде баяндалатын «Шын достық» қоылымы кезінде  сахнада әртістердің дауысы ғана шығып, залдан шыбынның ызыңы естілетіндей тыныштық орнады. Қазіргі өмірдің ащы шындығы, жарқын мысалы көпшілікті тебірендірмей қоймады.

Облыс имамының орынбасары Қымбатов Бегайдардың уағызы, Мұхаммед пайғамбар (С.Ғ.С) өмірінің соңғы күндері жөніндегі ғибратты әңгімесі әсерлі шықты.

«Асыл мұра» өнер орталығы тағылымы мол осындай рухани кешті осы күні Бөген ауылы жұртшылығына да тарту етті.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники