Келес өңірі: Біздің ұстанымымыз Ханафи мазхабы

Сарыағаш ауданы Жамбыл ауыл әкімшілігі Ащыкөл елді мекеніндегі  № 132 Шойбеков атындағы       орта мектепте ауыл әкімшілігі қызметкері, ақсақалдар кеңесі төрағасы, әжелер алқасы төрайымы, мектеп оқытушылары және жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Біздің ұстанымымыз Ханафи мазхабы»  атты кездесу өткізілді. Кездесуде «Ащыкөл» мешітінің молдасы Исмайлов Султанмахмут Ислам діні қазақ даласына келгеніне 12 ғасырдан асқан болса, содан бері халқымыз ислам дініндегі атақты ғұлама Нұғман ибн Сабит негізін қалаған Ханафи мазхабын ұстанып келетіндігін.  Біздің ата-бабаларымыздың арасында ешқандай түсінбеушілік, дүрдараз, талас-тартыстың болмағаныдығының себебі де сол бір мазхаб бойынша амал етіп келгендігінің арқасында екендігін айтып уағыз-насихат жасады. Жиналыс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жауап алды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники