Шардара ауданы: Он жылыңды ойласаң, ағаш ек.

Көктемнің кіруімен барша тіршілік иесінің оянуының қарсаңында шырайын шашқан  Наурыз айының 26 — шы  жұлдызында Шардара қаласы Жаушықұм ауылында өткен сенбілікте аудан әкімі Қамытбек Нұржанұлы Айтөреев ауыл имамы бастаған Бекарсытанәлі Жүсіпұлы бастаған  мешіт жамағатымен бірге мешіт ауласына көшет  отырғызды.  Даналар сөзінде «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл бөл», — делінген.  Дана халқымыз: «Бір тал кессең, он тал ек» деген. Осындай айтулы күндері еліміздің әрбір азаматы өзі ауласына, көшесіне ағаш отырғызса үлкен сауапты іс болары хақ. Сондықтан да осы күндері ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырудың сауабы өте мол.  Қайырымды жандардың қолдауымен Жаушықұм мешітінің терезелері пластикке ауыстырылып, бас имам кабинеті жиһазбен жабдықталып, сыртқы аулаға бастырма істелді. Алла тағала жолында үлес қосып қайырымдылық танытқан,  азаматтардың кәсібіне береке, от — басы бала — шағасына амандық, рызқы — несібесіне мол береке, жақсылық,  шексіз сый — сыяпатына бөлеген болсын.

 

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники