«Әзірет Сұлтан» мешітінің жұмысы жоғары бағаланды (ФОТО)

Елорда мешіттерінің тыныс-тіршілігін тексеріп, жұмыс жоспарымен жақынырақ танысу мақсатында ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Бектұрсынұлы  Астанаға арнайы ат басын тіреген болатын. Сапар барысында Ербосын Бектұрсынұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жұмыс сапасын қадағалап, құжаттық базаларымен танысты.

Сонау алыстан менмұндалаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің іші-сырты да мұнтаздай таза, көзге жылы көрінетінін айтқан іс басқарушы пікірі – мешітімізге берілген айқын баға болды. Тазалығына тәртібі үйлесіп, халыққа қызмет көрсету сапасы да жоғары екенін байқалып тұр дейді Ербосын Бектұрсынұлы.

Мешіттің мемлекеттік құжаттары мен жиналыс хаттамалары, кезекшілік журналы мен кіріс хаттары секілді құжаттарымен танысып, басқару орталықтарының жұмысын көріп шықты. Сондай-ақ, Хикмет телерадиостудиясы мен MUSLIM.KZ  порталы редакциясына бас сұғып, діни ағарту жұмыстарына сәттілік тіледі. Мешіті құрылымын аралап көріп, көз сүйсініп, көңілі толған Ербосын Бектұрсынұлының берген бағасы жоғары болды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники