Арыс ауданы: «Дін-насихат»

Қазіргі таңда ақпараттық технологияның дамыған уақыты. Газет-журнал телевидениялар арқылы халыққа ислам дінінің құндылықтары насихатталуда. Жергілікті «Арыс толқындары» теле-арнасында Арыс қаласының  имамдары әр аптаның бейсенбі күні «Имандылық айнасы» айдары бойынша уағыз-насихат айтып келуде еді  және  ҚМДБ-ға қарасты Muslim.kz сайтында жарияланған жұма уағызын әр аптаның жұма күндері осы теле-арна арқылы  берілеуде. 2014жылдың 11-наурыз күні Арыс қаласы орталық мешітінің ұйытқы болуыменен жергілікті «Арыс толқындары» теле-арнасының басшысы Мақсұт Махамбетұлына ауданның бас имамы А.Абдулкамал ҚМДБ-ға қарасты Muslim.kz сайтында жарияланған жұма уағызын әр аптаның жұма күндері алдағы уақытта тұрақты түрде беріліп тұрылуына ұсыныс жасалды, теле-арна басшысы тарапынан ұсынысты қабыл алып әр жұма күндері Muslim.kz сайтында жарияланған жұма уағыздарының жүйелі түрде теле-арнаға шығып тұруына қол жеткізілді. Сонымен қатар әр аптаның бейсенбі күні осы теле-арнаның «Имандылық айнасы» айдары бойынша қала имамдары уағыз-насихат айтуға келісілді. Аталмыш іс-шараға Арыс қаласының бас имамы А.Абдулкамал, Жалпы және жастар бөлімінің өкілі Шамсуллин Қ, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ысқабаев Т, ішкі-саясат бөлімінің бас маманы Дүисенов Н. қатысты.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники