Келес өңірі: Жастар біздің келешегіміз

12 сәуір күні Сарыағаш ауданы Келес өңірі № 140 мектепте 10-11 сынып оқушылары ата-аналары және мектеп оқытушыларының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге 140 мектептің ата-аналар төрайымы, мектеп директоры, билер кеңесінің мүшесі Қалғанбаев А, Абай ауыл әкімшілігінің жастармен жұмыс істеу бөлімінің қызметкері Сейткасимова А, Абай ауыл «Ешан баба» мешітінің имамы Аристанов У, «Халық қажы» мешітінің молдасы Момбеков Н қатысты. Кездесу қатысушылары  өз сөздерін сөйледі. «Ешан баба» мешітінің имамы Аристанов У сөз кезегінде еліміздің «жастар біздің келешегіміз» деп жастарға қаншалықты көңіл бөліп, сенім артып жатқандығын айтып өтті.  Шариғат бойынша да жастарға қандай көңіл бөлу керек екендігін тілге тиек етті.  Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жауаптарын алды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники