Оңтүстікте имамдар ауыстырылды

Өткен жұма күні Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде ауыс-түйіс орын алды.

Дәлірек  айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында  орналасқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Қарақұлов Еркебұлан Ибрайымұлы қызметінен босатылып, осы қалада орналасқан «Облыстық орталық» мешітіне найб имам етіп  тағайындалды.

Ол 1998-2006 жж. Египет Араб Республикасындағы әл-Әзһар университетінің «Теология негіздері» факультетінің «Тәпсірші» мамандығы бойынша тәмамдады.

2008-2010 жж. Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы университеті «Дінтану» мамандығының магистрі.

2009-2011 жж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында діни сараптау және талдау бөлімінің  және  2010 жылдары қосымша қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ал Шымкент қаласында орналасқан қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітіне Абдрахманов Бақдаулет Нұрматұлы бас имам болып бекітілді.

Ол 1996-1998 жж. Шымкент қаласындағы «Арыстан баб» медресесінің «Имам Хатиб» мамандығы бойынша бітірді.

2001-2006 жж. ХҚАУ-нің «Дінтану және араб тілі» мамандығын тәмамдады. Алматы қаласындағы Имамдардың білімін жоғарылату институтында 4 ай оқыды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен таныстыру үшін Облыс имамы Б.Мырзагелдиев жұма намазына қатысып, жамағатпен таныстырды.

Шара соңында мешіттің құрметті ақсақалы Айнакеш қажы бата берді.  Имамдарға сәттілік тілейміз!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
ОҚО бойынша баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники