Шардара ауданы: Жаушықұмда тасаттық

Шардара қаласы Жаушықұм ауылы «Жаушықұм» мешітінде ауыл тұрғындары «Құдайға бер де жалын», — деген ата — бабалар сөзін  ұстанып тасаттық ұйымдастырды. Аталмыш іс — шараға қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров, ауыл молдасы Б. Жүсіпұлы, ауыл әкімі С. Махамбетов, Жаушықұм ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Құдайбергенов, ақ әжелер тобы қатысты. Шардара аудандық орталық мешіттің бас имамы А. Данияров қасиетті құранды оқығаннан кейін,  ҚМДБ — ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет 2014 жылды «Дін мен Дәстүр» жылы деген үндеуіне тоқталып, ата — бабаларымыздың ұстанған салт — дәстүрін кейінгі өскелең ұрпақтарға насихаттау аталық борышымыз деп тоқталды. Мерекелік дастархан соңында Жаушықұм ауыл әкімі С. Махамбетов қорытынды сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғыс сезімін білдірді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники