Арыс қаласының күзет басқарамасында кездесу болды

ОҚО Мамандандырылған күзет қызметі Басқармасы ММ Арыс аудандық полиция взводының жеке құрамымен кездесу болып өтті.

Кездесуге Арыс ауданының бас имамы Абдулкамал Абдулкарим, Арыс қаласы Абай мектебінің педагог психологі Ж.Жапарбекова, ОҚО МКҚБ ММ Арыс аудандық полиция взводының взвод командирі мен көмекшісі және полицейлер қатысты.

Сөз кезегін алған Арыс қаласының бас имамы А.Абдулкамал жиналған қатысушыларға латын тілінен аударғанда суицид мағынасы – өзін-өзі өлтіру, яғни өз өміріңе балта шабу, саналы түрде өмір сүруді тоқтату деген мағынаға саятындығын және Қасиетті Құран Кәрімде, сондай-ақ, пайғамбарымыз Мұхамедтің (С.А.У) хадистерінде – өзіне-өзі қол жұмсау үлкен күнә екендігі айтылады. Өзіне-өзі қол жұмсаудың негізі ол – адам иманының әлсіздігінен болады. Қазіргі таңда өзіне қол жұмсаушылар көбейген. Оның бір себебі адам иманының әлсіздігінен. Өйткені, адамдардың иманы күшті, мықты болса, өзіне-өзі қол жұмсаудың күнә екенін білсе, ақыретте сұрауы барын білген болса, ол адам мұндай қадамға бармайды. Бұндай мұсылмандарға жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Жиынға қатысқан мамандарда өз ойларын білдірді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники