Б.Мырзагелдиев: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САЛДАРЫ

Бейбіт Мырзагелдиев

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САЛДАРЫ

«Ислам — татулық пен тағаттылықтың,

жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Н.Ә. Назарбаев

بسم الله الرحمن الرحيم

Бисмиллаһир – рахмнир – Рахим.

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!

إن الحمد لله نحمده، ونستعينه، ونستغفره، ونعوذ بالله من شرور أنفسنا، وسيئات اعمالنا، من يهده الله فلا مضل له، ومن يضلل فلا هادي له، وأشهد أن لاإله إلا الله وحده لاشريك له ، وأشهد أن محمدا عبده ورسوله.

          Барлық   мақтау   бүкіл   әлемнің   иесі   Аллаһқа   тән.   Сәлем   әрі   салауат   бүкіл   әлемге   қамқорлық   ретінде   жіберілген   әлемнің ең соңғы Пайғамбары Мұхаммед саллаллаһу алайһи  уәсалламға  Аллаһтың игілігі һәм салауаттары нәсіп болсын!

Күллі адамзатқа ортақ құндылықтардың бір — дін. Дін рухани байлық пен ізгіліктің, татулықтықтың, сабырлықтың, төзімділіктің, барша жақсылық атаулының бастау жолы.

Ислам дініне 1434 жыл болса, еліміздің топырағына келгендігіне тура 1351 жыл толыпты. Осы уақытқа дейін Орта Азия мен Қазақстанның мұсылмандары Имам Ағзам мазһабы бойынша амал-әрекет жасайды. Бұл біздің ата-бабаларымыздың сандаған ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан жолы. Еліміздегі Ислам діні — халқымыздың ертеден келе жатқан салт — дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарымен бірге біте қайнасып кеткен үлкен құндылықтарымыз.

Осы тұста айта кететін жәйт. Тәуелсіз еліміздің ынтымағы мен бірлігі, татулығы жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан, еліміз мұсылмандарының бірегі орталығына айналып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған бағыты мен елдің ішкі бірлігіне, тұрақтылығына және түрлі ұлт өкілдерінің дініне қарамай ауыз бірлікті сақталуына бірден бір себепші де осы.

Қазір елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың бәрін бір мақсат пен ортақ мүдде біріктіріп,  топтастырып, ауыз біршілігін күшейтіп отыр. Осыншама жасалынып жатқан бірлігімізді ыдырату мақсатында түрлі миссияларды уағыздаушы топтар пайда бола бастады.

Ислам құндылықтары мен ислам философиясын, ислам мәдениеті мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты. Ортағасырлық мұсылмандық фило­софиялық ойының қалып­тасуы мен дамуына қуатты сер­піліс берген қазақ  даласының  ойшыл­дары Әбу Насыр  әл-Фара­би, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұни және басқаларының мұралары ислам өркениетінің асыл қазынасы.

Қазіргі таңдағы өзекті деген  үлкен мәселелердің бірі — жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрлі діни ағымдар десек артық айтқандық емес. Кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсер етіп, ұдайы адастырумен келеді.

Еліміздегі құқық қорғау органдарының тарапынан тиым салынған діни ұйымдардың саны қазіргі кезде 17-ға жетіп отыр. Олар:

         1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1) «Аль-Каеда»,
2) «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»,
3) «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»,
4) «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»).

         2. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

1) «Асбат аль-Ансар»,
2) «Братья-мусульмане»,
3) «Талибан» қозғалысы,
4) «Боз гурд»,
5) «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар»,
6) «Лашкар-е-Тойба»,
7) «Әлеуметтік реформалар Қоғамы».

       3. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

1) «АУМ Синрикё»,
2) «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы».

     4. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

1) «Түркістан ислам партиясы»

        5. Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

1) «Хизб-ут-Тахрир»

          6. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен:

1) Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі емдеу) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат-ата), ол «Алла-Аят» деген атауға ие

        7. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешімімен:

1) «Ата жолы» және «Ақ жол»

Бір кездері үлкен проблемалардың бірі болған ата-бабамызды жік-жікке, ру-руға бөлініп келген болса, ендігі жерде әр қазақ отбасында үш бірдей дінді ұстану жағдайы болып отыр. Мұның соңы, қазірдің өзінде ел арасында татулық пен бірліктің арасына сызат түсіріп келеді. Бұл бір ғана ұлттың басына түскен нәубет емес. Бәлкім бүкіл еліміздің тұрғындарына келген ауыртпалық деп түсінген жөн. Осы тұрғыдан алғанда, әлгіндей теріс, жат пиғылды, еліміздің ертеңіне кесірін тигізетін ағымдар мен секталарға арнайы заң қабылдауы тиіс деп санаймыз.

Осындай ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел халқының 75 пайыздан астамы мұсылмандар.

Ал Алла тағала Қасиетті Құранда:

«Түп-түгел Алланың жібінен (дінінен) бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер», – деген («Әли Имран» сүресі, 103-аят).

Алла тағала Құранда:

يَاأَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ

«Ей, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірлеріңді танысын деп түрлі ұлт пен ұлыстарға бөлдік. Алла тағала алдындағы ең абыройлылырың тақуа болғандарың. Шын мәнінде Алла барлық нәрсені толық білуші, барлығынан толық хабардар»[1], – деп бұйырса, Пайғамбарымыз да былай дейді: «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз, Алланың алдында ең мәртебелілерің тақуа болғандарың».  

        Қазіргі таңда қазақстандық қоғамды алаңдатып отырған негізгі проблемалардың бірі — сәләфизм идеологиясының халық ішінде, атап айтқанда жастардың арасында белең алуы. Бұл ілім Х‑ХІ ғасырларда Андалусия (Испания) жерінде басталып, ары қарай ХVIII ғасырда Нәжд өлкесі қазіргі Сауд Аравияның солтүстігінде жалғасын тапты. Бастапқы кезден бұл идеологияның өкілдері өзге пікірге төзбеу, өзгелерге агрессиялық көзқараспен қарау, алдына қойған мақсаттарына қарумен болса қол жеткізу секілді сипаттармен танылды.

Уахабилік, яғни сәләфилік деген – бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлемде болып жатқан құбылыс. Бұл ағымның артында үлкен институттар жұмыс істеп, оған үлкен қаржы құйылып жатыр. Мұның артында сыртқы күштердің де ықпалы болуы мүмкін. Жалпы, сәләфилік немен ерекшеленеді дегенге келетін болсақ, бұл ағым буквализммен ерекшеленеді. Яғни аят-хадистердің астарына, мақсатына үңілмей, бетін қалқып қана алып, үстінен желіп өтіп кететін түсініктен барып осындай ағым пайда болады. Себебі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисіне, оны қандай заманда, қалай, кімге арнап айтты, қандай жағдайда, қандай мақсатта айтты, осының бәрі әбден зерттеліп барып қана амал етіледі. Пайғамбарымыздың 23 жылда әртүрлі жағдайда, әртүрлі адамға айтылған хадистерін жалпы ұстаным ретінде қабылдап, соны берік ұстанып қалу 14 ғасыр бойы жасап келе жатқан дәстүрлі исламға кереғар түсініктер туындатады. Дін деген кең нәрсе. «Менікі ғана дұрыс» деп өзімшілдік таныту – ақиқаттан монополия жасаудың бір түрі. Сәләфилік те «біздікі ғана дұрыс, қалғандардың барлығы адасып жүр» деген сенімге байланған. Бұдан қоғамда шиеленіс туады. Сондықтан да бұл дәстүрлі исламға қайшы ағым. «Сәләф» сөзі «бұрынғылар» дегенді білдіреді. Яғни діни терминологияда «салихалы салафтар» делінген кезде сахабалар, оларды көзі көрген табиғиндердің және оларды көзі көрген табаға табиғиндер меңзеледі. Бірақ діни терминологияда белгілі бір ағымға «салафтар» делінбейді. Айтып отырған ағым өкілдері осыны бетперде етіп, яғни «бұрынғы Пайғамбар заманындағы мұсылмандардың жолын ұстанамыз» деп, жекелеген адамдардың идеясын насихаттап жүргендер. Олар өздерін «мәзһаб ұстанбаймыз» деп айтады. Бірақ шын мәнінде олар мәзһаб ұстайды. Өз көсемдерінің пікірінен шыға алмаған соң, ол соның мәзһабында деген сөз. Бірақ ол – шатақ мәзһаб. Басқа мәзһабтарды танымайтын, қоғамда ши шығаратын, бүлік жасайтын, анархия туғызатын мәзһаб. Төрт мәзһабты мойындамаған соң әркім Құранды өз нәпсісіне, түсіну деңгейіне қарай тәпсірлеп, талқылайды. Бұдан қоғамда анархия, хаос пайда болады. Ал төрт мәзһаб – осындай жағдайға жібермей отырған үлкен күш, дінді реттеудің тетігі. Әркім өзінің білім деңгейіне қарай пәтуа беретін болса, онда бір-біріне кереғар, қайшы, бір-бірін мойындамайтын ағымдар пайда болады. Сондықтан кез келген мемлекетте белгілі бір мәзһабқа басымдық беріліп, қолдау көрсетіледі. Қазақ даласында ханафи мәзһабы салт-дәстүрлерімізбен сабақтасып кең етек жайған. Қазақ осы мәзһабты ұстана отырып өзінің әдет-ғұрпын да сақтап қалған, намазын оқи отырып қымызын да ішкен, оразасын ұстап, бәйгеде ат шаптырған, бір Аллаға дұға ете отырып баласының тұсауын да кескен, Аллаға сәжде ете отырып келініне құрмет ретінде сәлем де салдырған, азанын шақыра отырып домбырасын да тартқан. Осының бәрі ұлттық келбетімізді сақтап, дінімізді қорғау болып саналады. Біз шариғат пен дәстүрді сабақтастыра білген халықпыз.

 

Сәләфиліктің түрлі атаулары бар.

        Уаххабилер өздерін уаххаби ретінде қабылдағысы келмегендіктен осы сәләфи сөзін қолдануда. Сонымен қатар уаххабилер қазіргі таңда «мадхали, сурури, тәкфиршілер, жихадшылар» деген секілді көптеген тармақтарға бөлінген. Өкінішке орай сәләфилерді «радикал» немесе «қалыпты», «байсалды» деп бөліп, қалыптыларын қолдау қажет деген пікір қате әрі қауіпті. Неге десеңіз олардың идеологиялық және сенімдік базаларының бәрі бірдей. Сондықтан қалыптылардың әп сәтте радикал, тәкфирші және жихадшыға айналып кетуі өте оңай. Ал бұл өз кезегінде біздің ұлттығымызға, мемлекеттігімізге қауіпті. Өйткені олар ұлттық ерекшеліктер мен халықтық дәстүрлерді, ғылыми негізде, ғасырлар бойғы тәжірибемен жинақталған мәзһабтар мен имамадарды қабылдамайды. Қазіргі таңдағы осы қате ұстанымның нәтижесінде қалыпты болып көрінген уаххабилер ұлттың жыртысын жыртып жүрген ұлт жанашырлары секілді көрініп, қоғамға әсіресе билікке сыналай енуге тырысуда. Егер бұлай жалғаса берсе уаххабиліктің тарихта діннің атын жамылып, мұсылман баласының қанын аяусыз төккен ылаңы қайталануы әбден мүмкін.

 

Сәләфиліктің тиым салған амалдары:

1. Өлгендерге Құран оқу, бағыштау;

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран қарайған жүректерге нұр береді» деп те ескерткен. Құран адамды рухани күйзелістерден, пейіл тарылуынан сақтайды. Құран өзіне ынтық жандар үшін – үміт бастауы. Құран мұсылмандарға үмітке толы өмір сыйлайды.

Пайғамбарымыз бір хадис-шәріпінде: «Құран оқу – көңілдің шипасы», – дейді.

Иә, Құран қай жерде болса да дертке дауа. Себебі, Алла  тағала былай дейді:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءتْكُم مَّوْعِظَةٌ مِّن رَّبِّكُمْ وَشِفَاء لِّمَا فِي الصُّدُورِ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ

    «Әй, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат болған, жүректегі дертке дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау болған кітап (Құран) келді»[2].

 

2.Отан қорғау, әскерге баруды дұрыс санамайды.

Тағы бір жолы Ұхуд тауына қарап: «Біз Ухудты жақсы көреміз, Ұхуд та бізді жақсы көреді» дегені де тегіннен тегін емес. Бұл Пайғамбарымыздың туған жерге деген, туған жерінің әрбір өзен, көл, тау, тасына деген зор сүйіспеншілігін байқатады.

Бір хадисте:

عَيْنَانِ لاَ تَمَسُّهُمَا النَّارُ، عَيْنٌ بَكَتْ مِنْ خَشِيَةِ اللهِ ، وَعَيْنٌ بَاتَتْ تَحْرُسُ فيِ سَبيِلِ اللهِ

 

       «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз»[3] делінген. Демек, «өлсек шейіт, қалсақ ғазимыз» деген асқақ мұратпен «А, Құдайлап» жауға шапқан жүрегі түкті батыр-баһадүрлеріміз ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен дұшпан жолатпаған кең байтақ жерге бабалар аманаты деп қарай білген жөн.

«Біз, қазақ деген мал баққан елміз.

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

Басымыздан сөз асырмаған елміз…» деген Қазыбек би бабамыздың отты сөзі жерімізге көз алартқан дұшпанды тәубесіне түсіре білген батырлар ұрпағы болғандығымызға дәлел.

4. Ата-ананы, намаз оқымаса оларды кәпірдей салуы:

Бұл турасында Алла тағала бұны бізге:

قُلْ تَعَالَوْا أَتْلُ مَا حَرَّمَ رَبُّكُمْ عَلَيْكُمْ أَلاَّ تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئاً وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَاناً

      «Сіздерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін. Оған (Аллаға) еш нәрсені серік қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар!»[4], – деп білдіреді.  Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 نِيَّةُ الْمُؤمِنِ خَيْرٌ مِنْ عَمَلِهِ

 «Мұсылманның ниеті жасаған ісінен қайырлы», – деген[5].

Алла тағаланың істелген сыртқы іске қарағанда, іштегі ни­ет­ке қарай сау­ап жазуы Оның шексіз рақымдылығын көрсетеді.

4.Басшыға, имамдарға  бағынбайды.

Пайғамбарымыз өз сөзінде «Қара нәсілді құл басшы болса да бағыныңыздар, қарсы шықпаңыздар» деп тапсырған. Өйткені,  Құранда:

وَالْفِتْنَةُ أَشَدُّ مِنَ الْقَتْلِ

«Бүлік шығару - кісі өлтіруден де ауыр күнә»[6] делінген. Ендеше, елдегі, діндегі тыныштықты сақтау әрбірімізге міндет. Сол себепті басшыларға, мешіттерде имамдарға бағыну да тып-тыныш жатқан елді ала тайдай бүлдірмеу үшін аса қажет. Әлемдік діндердің ешбірі қоғам тыныштығын бұзуға рұқсат бермейді. Сол секілді ислам дінінің де ең басты ерекшелігі қоғамды басқарушы әміршіге әрбір мұсылманның бағынуын, тыңдауын талап ететіндігінде. Осыған қатысты Құранда:

يَاأَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُوْلِي الْأَمْرِ مِنْكُمْ

«Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы әмір иелеріне бойұсыныңдар»[7],делінсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында:

مَنْ أَطَاعَنِي فَقَدْ أَطَاعَ اللهَ ، وَمَنْ عَصَانِي فَقَدْ عَصَى اللهَ ، وَمَنْ يُطِعِ الْأَمِيرَ فَقَدْ أَطَاعَنِي ، وَمَنْ يَعْصِ الْأَميرَ فَقَدْ عَصَانِي

     «Кім маған бағынса, Аллаға бойұсынған болады. Кім маған қарсы шықса, Аллаға қарсы шыққан болады. Кім әміршіге бағынса, маған бағынғаны. Кім әміршіге қарсы келсе, маған қарсы келгені»,[8] деген.

Тағы бір хадисте былай делінген:

مَنْ فَارَقَ الْجَمَاعَةَ، وَخَرَجَ مِنَ الطَّاعَةِ، فَمَاتَ فَمَيْتَتُهُ جَاهِلِيَّة

«Кімде кім бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлініп кетсе әрі сол кеткен күйінде өлетін болса, онда ол надандық өліммен өлген болып есептеледі»[9].

Ал қоғамның тыныштығын бұзатын бүлік пен іріткі салушылыққа  Алла тағала қатаң түрде тыйым салады. Қасиетті Құранда бұл мәселе жайында мынадай аят келтірілген:

وَالْفِتْنَةُ أَكْبَرُ مِنَ الْقَتْلِ

 «Бүлік шығару адам өлтіруден де бетер»[10].

مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الْأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا

«Кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең…»[11]. Міне, көріп отырғанымыздай, Алла тағала мұсылмандарға қоғам ішінде бүлік шығаруларына тыйым сала отырып:

وَلاَ تُفْسِدُواْ فِي الأَرْضِ بَعْدَ إِصْلاَحِهَا

    «Жер беті дұрысталғаннан кейін бүлікшілік жасамаңдар»[12] деген аятта қайталап ескертеді де, мына бір аятпен қоғам тыныштығын бұзған жанды сүймейтіндігін баяндайды:

وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُفْسِدِينَ

«Алла бүлік шығарушыларды сүймейді»[13].

Мешіт жамағаты да қоғамның ажырамас бөлігі екендігін ескеретін болсақ, мешіт жамағаты арасында түрлі жанжал мен араздық тудыру, имамның айтқанын тыңдамай қарсы келу аяттың шеңберіне кіретіндігін ұмытпағанымыз жөн. Себебі, аят қоғам ішіндегі өзге дін иелеріне емес, мұсылман адамдарға бүлік шығармауды бұйырып тұр.

6.Қазақи салт-дәстүрлерімізді биғатқа санайды.

Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел. Өзге елге барғанда өз еліңнен айырмашылығын бірден байқайсың. Өз жұртыңның артықшылығын, кемшілігін бағалай аласың. Мұның өзі Жаратушының әрбір халықтағы иләһи белгілері, хикметі.

Ақиқатында, адамзаттың әр ұлтқа бөлініп, түрлері мен түстерінің, нәсілі мен тегінің һәм тілі мен диалектісінің әркелкі болуы Алла Тағаланың айнымас аяттары. Оларды мойындамау, белден басу, теріске шығару Жаратушының хикметпен жарату заңына қарсы шыққанмен тең.

﴿وَمِنْ آيَاتِهِ خَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَاخْتِلافُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَانِكُمْ إِنَّ فِي ذَلِكَ لآيَاتٍ لِلْعَالِمِينَ﴾

Алла Тағала былай дейді: «Көктер мен жердің жаратылысы және тілдерің мен түстеріңнің әр алуандығы Оның (Алланың) белгілерінен. Шындығында, осында білушілер үшін, сөзсіз, белгілер бар». (Рум сүресі, 22-аят).

الْعُرْفُ اصْطِلاَحًا: مَا اسْتَقَرَّتِ النُّفُوسُ عَلَيْهِ بِشَهَادَةِ الْعُقُولِ، وَتَلَقَّتْهُ الطَّبَائِعُ بِالْقُبُولِ

«Әл-урф» сөзінің шариғаттағы терминдік анықтамасы мынадай: «Ол ақыл-ойдың, логиканың құптауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл алатын нәрселер»[1] Әл-Маусуа әл-фиқһия әл-куәйтия, 30-том, 53-бет; Әл-Журжанидің әт-Тағрифат кітабы..

Мазарларға бару;  тәспі қолдану; дұғаларда пайғамбарлардың,  әулиелердің, періштелердің есімдерін айту;   мешіттерге садақа беру; Пайғамбарымыздық туылған күні, яғни мәуліт күнін атап өту, келіннің үлкендерге сәлем салуы т.б. қателіетерін тізбектеуге болады.

Құрметті мұсылман қауым! Мемлекет басшысы дін қайраткерлеріне, имамдарға былай деді: «Еліміздегі дәстүрлі исламның бір­­ден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масы. Діни қатынастарды реттейтін жақында қабылданған Заңда мемлекет халқымыздың рухани өмірінде исламның ханафи ба­ғы­тының орны мен рөлін мойындай­ты­­ны атап көрсетілді. Бұл – өте дұ­рыс. Қазақ­стан – зайырлы мемлекет. Сон­дық­тан біз­дің дін саласындағы саясаты­мыз кон­фессияаралық татулық пен тағаттылықты нығайтуға бағытталған. Біз­де діни сенім бостандығына Консти­ту­ция кепілдік береді. Діни басқарма өкілдері тек дін саласында ғана емес, өзге салаларда да өз білім-біліктерін арттыруға тиіс», деген болатын.

Сондықтан да дін мәселесіндегі Бас мүфтидің нақты көзқарасы мен тұжырымы оның келесі сөздерінен айқын аңғарылады: «Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет».

Жалпы,  дін саласындағы жұмыстарды жүйелілікке қою — үлкен қажыр-қайратты қажет ететін мәселе. Еліміздің діни бағыты мен ұстанымы ҚМДБ-ның төрағасының мынадай сөздерімен нақтылана түседі:  «Біздің бағытымыз – дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди ақидасын берік ұстану және оны насихаттау болып қала береді. Сонымен қатар, мешіт жамағатын мұсылмандардың ауызбірлігі мен еліміздің ынтымағын нығайта түсу үшін дәстүрлі ханафи мазхабын ұстануға үндейміз».

Біз асыл дінімізді түрлі саяси мақсатқа пайдаланғысы келетіндерге жол бермей, әрі олардың жетегіне кетпей, біртұтас Қазақстан үшін жұмыла жұдырық болып, діндер арасындағы түсіністікке, диалогқа жол ашып, жікшілдік пен фанатизмге тосқауыл болуға тиіспіз. Бұл үшін бізде ең алдымен бірлік болуы керек. «Бірлігі жарасқан ел озады» деген сөз бар қазақта. Сондықтан барлығымыз өзара ынтымақ пен бірлікте болып, өзара сыйластықта жүрсек бізді алар жаудың болмайтындығы сөзсіз. Әйтпесе, қарақан басымызды ғана ойлап, ұстанған түрлі діни көзқарастарымызға байланысты қазіргі кездегі сөз, дін бостандықтарын қалқан етіп бір-бірімізді жағамыздан алып, жазықсыз да негізсіз жала жауып, сүріндіруге тырыссақ, өзіміз де, еліміз де қасірет шегеді. Осыны ұмытпаған жөн дер  едік.

«Бірлік түбі — тірлік», «Ырыс алды – ынтымақ» демей ме дана халқымыз. Ендеше, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың пайдасы да, ғибратының да мол екендігі ақиқат. Алла тағала елімізге амандық, тыныштықты нәсіп етсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәләфилердің көзқарастары
1) Мұташабих аяттар
мен хадистер жайлы
Сәләфилердің ең айқын сипаттарының бірі – мұташабих (астарлы) аяттар мен хадистерді сөздік мағынасын негізге ала отырып, айтылғанындай қабыл ету керектігін алға тартады. Сондықтан Құранда және хадис кітаптарында Алла тағала жайында айтылған «қол, жүз, келу, отыру, түсу, арышқа истуа ету, ашулану, күлу…» [Мұташабих аяттар мен хадистер жайлы кең мағлұмат: Қайрат Жолдыбайұлы. Дін мен діл. – Алматы, 2010 ж. 127-172 бб.] сияқты сипаттар, мақлұқаттарға қалай айтылған болса, олардың көзқарасы бойынша, Алла тағала хақында да дәл солай қолданылуы керек дейді.
Әр ғылым саласында, сол саланың білікті мамандарының пікірлеріне жүгіну керектігі ақиқат. Осы қағидаға сәйкес тәпсір саласында муфассирлер, хадис саласында мұхаддистер, фиқһ саласында фақиһтар, ақида саласында кәлам/ақайд ғалымдарының тұжырымдарына құлақ асылуы қажет. Барша ғұмырын фиқһ ғылымының терең мәселелеріне жұмсаған бір ғалымның ақайд саласында айтқандарын, ақайд саласы ға-лымының айтқандарымен бір та-разыға тартуға келмейді. Сондай-ақ, қаншама жылын тәпсір сала-сында өткізген бір ғалымның, хадис ғылымының тереңдігі мен айырмаларын хадис ғалымы сияқты білуін күту мүмкін емес.

2) Тасаууф (сопылық)
жайлы
Ислам әлемінде кейбір аймақтарда тасаууф атымен ортаға шыққан бұрыс әрекеттер, сәләфилердің тасаууфқа дұшпан болуларына негіз болды. Әһли сүннетпен бірге қайнасқан шынайы тасаууфты, Батинилік, Хурафилік секілді адасқан топтармен бірге қарастыруға болмайды. Әһли сүннет жолының дұрыс сақталып таралуына үлес қосқан шынайы тасаууф мұсылмандардың ішкі жан дүниесі мен рухани өмірінің жаңғыруына, көркем мінез-құлықтың әсемделуіне және парасатты тұлғалардың жетісуіне ықпал етті. Сахабалар кезеңінен бастау алған тақуалық жолды үлгі тұтқан тұлғалардың шыңдана түсуіне де айрықша рөл атқарды. Ақайд саласында болсын, амал саласында болсын тасаууф ғалымдарының еңбектері және көзқарастары нақты білдірілген.

3) Тақлид (ілесушілік,
еліктеушілік) жайлы
Кейбір сәләфилер, фиқһ мәселелерінде мұжтаһид имамдарға тақлид етілуіне қарсы шығып, бұның адамдарды шіркке, діннен шығаруға апаратын жол екендігін алға тартады. Бұл айтқандарын дәлелдеу үшін көптеген аяттар мен хадистерді дәлел ретінде қолданады.
Олардың тақлидтің харамдығын дәлел ретінде алға тартқан аяттар мен хадистерге терең үңіліп қарағанда бұрмалап жорамалдау арқылы қол жеткізгендіктерін көреміз. Яғни, аят-хадистерден тақлидтің харамдығын күштеп шығарғылары келетіндігін бай-қаймыз. Олар тәуәссул мәселесінде қателескендері сияқты, тақлидтің харамдығы мәселесінде де үмбет ғалымдарының дәлелдеріне қарсы шыққан.
Хадис ғалымдарының арасында бір мәмілеге келген мәселелер бар. Хадис ғалымдары ижтиһад (аят-хадистерде берілмеген мәселелерді ақылға сүйеніп шешу) ете отырып, барлығы бір ауыздан хадистерді дәрежесі жағынан сахих, хасан және дағиф деп үш топқа бөлген. Демек, хадистерді бұлайша бөлу сол ғалымдардың ижтиһадтарына сүйенеді. Сондықтан, кейінгі ғалымдар олардың кітаптарындағы хадистерді дәлел ретінде қолданарда хадистердің дәрежесін білу үшін олардың көзқарастарын ұстанып оларға «тақлид» жасаған, яғни еліктеген.
Қазіргі таңда біздер үшін осыдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген хадис рауилерінің сипаттарын (дұрыстығын немесе бұрыстығын) білудің бір ғана жолы бар. Ол – хадис ғұламаларының бұл мәселеде айтқан пікірлері мен жазып қалдырған еңбектеріне сүйену. Біздің қандай да бір хадистің сенімділігі мен дұрыстығына көз жеткізу жолындағы іс-әрекетіміз толығымен сол ғалымдардың ижтиһадтарына негізделіп отыр. Әрі бұл еліктеудің (тақлидтің) нақ өзі. Әр мәселеде сәләфтің жолын қуамыз деген сәләфилердің өзі хадис ғалымдарының соңынан ерген еліктеушілер (муқаллид) болып есептеледі.
Түйіндей келсек, егер қандай да бір ғалымның ой тұжырымын, дәлелін білместен қабыл ету тақлид ретінде харам болса, бұл «харам-ды» сәләфилердің өздері де істеп жүр. Егер хадис ғалымдарының хадистердің дәрежелері жайындағы қанағаттарын тақлид ету дұрыс болса, мұжтәһид имамдардың фиқһ жайындағы ижтиһадтарын тақлид ету не үшін харам? Тіпті, өздерін сәләф деп атап жүрген бауырларымыздың өзі де тақлид істеп жүргендерін білмей ме?

4) Қияс жайлы
Ислам құқығында шариғаттың қайнар көзі ретінде Құран, хадис, ижма және қиясты дәлел етіп белгілеген. Сөз етіліп отырған сәләфилер деп аталатын топтардың арасында қиясты Ислам құқығының дәлелі ретінде қабылдамайтындар бар. Олар қиясты «Алланың дініне өз көзқарасы бойынша үкім беру» деп түсінеді.
Фиқһ әдістемесі кітаптарында егжей-тегжейлі баяндалған мәсе-лелер Құран аяттарында және Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде жалпыламалы түрде айтылған, сол сияқты адамзаттың бетпе-бет келген тіршілік мәселелері үкімінің барлығы аяттар мен хадистерде егжей-тегжейлі баяндалмаған. Құран мен сүннеттен біраз мағлұматы бар адамдар бұл үкімді қабыл етіп мақұлдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Тәкфир» немесе «һижрат» жамағаты

«Тәкфир» немесе «һижрат» жамағаты өздерін ғана мұсылман, ал қалғандарды кәпір санайды. Сондықтан жамағаттың аты да өзіне сай тәкфир яғни жамағаттан басқаларды кәпір дейтіндер және һижрат яғни басқалармен араласпайтындар деп аталады. Бұл жікшіл ұйым. Жамағаттың алғашқы идеологиясы Мысыр түрмелерінде өріс алып, соңынан бас бостандыққа шыққан мүшелерінің ой-пікірлері қисынға келтіріп, тұжырымдалды. Солтүстік Мысырда және сол елдің университет студенттері арасында олардың ізбасарлары көбейді.

«Тәкфир» және «һижрат» жамағаты деп даңқы шыққан мұсылмандар жамағаттың ұстанымы мен ой-пікірлері Мысыр түрмелерінде, әсіресе 1965 жылы жалпы тұтқынға түскен мұсылмандар ішінен Мысыр презинденті Жамал Әбднәсырдың бұйрығымен Сайд Құтб пен оның пікірлестері өлім жазасына кесілген соң бір жүйе түсті.

Түрмелердегі дінді ұстанған мұсылмандар қатты азап тартты. Сол азапқа шыдамай қайтыс болғандар да болды. Осындай үрейлі жағдайда мұсылмандардың ашу-ызасынан туындаған тәкфир идеологиясы арқылы діни көзқарасты қабылдап, қолдайтын адамдарда табыла қалды. Олар қоғамның жас бозбалалыр еді.

1967 жылы Мысыр ұлттық қауіпсіздік комитеті қамаудағы дағуатшы мұсылмандарды президент Жамал Әбднәсырға бағынып, оның саясатын қолдауға шақырды. Тұтқындар бұл талапты түрліше қабылдап, мынау топтарға бөлінді:

  1. Мұсылмандардың бір тобы қызметтеріне қайта оралу мақсаттында тәубеге келіп, президентті және оның саясатын қолдауға асықты. Олар ислами әркетке адасып кіріп қалған бір топ жұмысшылар мен дағуаттан үлкен пайда көздеп қосылған саясаткер болатын.
  2. Қамаудағы дағуатшылар тобының бірі мемлекеттің талабына қарсылық көрсетпейтін әрі оны қолдамайтын, орта позицияны ұстанатын мұсылмандар.
  3. Жастардан құралған дағуатшылардың азшылығы мемлекеттің саяси бағытын қабыл алмады, ал президентті кәпір деп жариялады. Олардың мәлімдемесі бойынша, зайырлы мемлекет құрғысы келген президентті қолдаған өздерінің діндес бауырларын ислам дінінен қайтқан опасыз, сатқын, өздерінен басқа қоғамдағы басшыларына мойынұсынған әрі сүйенген барша жұотты кәпір санады. Жамағатқа қосылмағандардың намазы да, оразасы да қабыл емес. Бұл жамағат ұстанымының негізін салған шейх Әли Исмаил болатын.

Жамағаттың негізгі құрамы тәкфир, яғни кәпірге шығару, кәпір деп санау ұғымы. Үлкен күнәларды істеген, бастан аяғына дейін күнәға батқан адам кәпір. Оның тәубесі қабыл болмайды. Сондай-ақ Алланың түсірген шариғатымен үкім швғармайтын басшылар мен сол үкімді разылықпен қабылдайтын жұрт та кәпір. Бұларды кәпір демейтін дін ғалымдарды да кәпір. Тәкфир жамағатының пікірін қабыл алмаған немесе қабыл алып, жамағатқа қосылмаған және сол жамағаттың имамдарына ермеген әрбір адам кәпір. Ал, кімде-кім жамағатқа кіріп, одан шықса, ол адам сатқын есептеледі. Оны өлтіруге де болады. Қайбір ислам жамағаты тәкфир жамағатының дағуатын қолдамаса, оның басшысы діннен қайтқан кәпір саналады.

Олар: «кімде-кім имамдардың немесе сахабалардың сөзін дәлел ретінде қолданса немесе қияс, маслахат ал-мурсала, истихсан және сол сияқты дәлел-құжаттармен мәселе шешсе, ол әрі мүшрик, әрі кәпір саналады»,-дейді.

Олар: «Һижраттың төртінші ғасырынан кейін күпір және жаһилият дәуірі басталды. Өйткені мұсылман адам әрбір үкімнің дәлелін білмейді, діни амалдарда біреуге еруден басқа шамасы жоқ»,-дейді.

«Тәкфир» жамағаты қағидаларының екінші негізгі құрамы һижрат. Һижраттың сөздік мағынасы тәрк ету, көшу, қоныс аудару, үзілу. Олардың қолдануы бойынша, һижрат – бұл надан елден, қоғамнан өзін алып қашу, олармен қандай да қарым-қатынасты үзу. Өзінен басқа барша адамдарды надан, жәһил деп біледі. Бұл жерде мекен үзілісі мен ой-сана үзілісі назарға алынған. Қоғам мен мекен Расулулллаһ (с.ғ.с.) пен сахабалардың кезіндегідей болуы керек, дейді.

Олар: «Қазіргі кезде идеологиялық күрес қажет. Ол тек тәкфир жамағатының бағдарламасы арқылы жеткізілуі шарт. Ислам дінінің күші, мұсылмандардың жігері жеткілікті болмағандықтан жиһад соғысын тоқтат тұру керек»,-дейді.

Олар: «Ислам тарихының мұсылмандарға ешқандай мәнділігі жоқ. Ең жақсы тарих Құран Кәрімде келген тарихи оқиғалар. Ислам ғұламаларының сөздері, тәфсир және ақаид кітаптарының бірде-бір құндылығы жоқ. Өйткені, ол ғұламалардың бәрі діннен қайтқан сатқындар», деп айтады. Жамағат: «Құран мен хадистерге ғана сүйенеміз», дегенімен, сөздерінен таяды. Өйткені, Құран мен хадис үкімдеріне сәйкес келсе, оны дәлел ретінде алады. Ал, үйлеспесе, айлакерлік жолына түсе салады.

Олар: «Жамағат баршаны сауатсыздыққа, білімсіздікке шақырады, оқуларды тастауға үгіттейді. Өйткені, институт пен университеттерді мешіттер сияқты, шайтанның мекендері, деп санайды»,-дейді.

Олар: «Жұма намаздары мен жамағат намаздарықасиетті төрт мешіттен басқа мешіттерде оқымайды. Дүниедегі төрт мешіттен (Мекке мен Мәдинедегі мешіттер, Құба мен Ақса мешіттері) басқа барша мешіттер зиянды саналады. Сол мешіттерде намазды өткізген имам тәкфир жамағатынан болса ғана намазхандардың намаздары дұрыс болады»,-дейді.

Өздерінің әмирі Шүкри Мұтафаның осы үмметінің көптен бері күткен имам Мәһдиі деп санайды. Оның күш жігерімен ислам дінні барша діндерге үстем етеміз, деп ойлайды.

Қазіргі қарулармен мемлекеттер арасындағы соғыс нәтижесінде дүние экономикасы мен саясаты өз шегінен шығады да «тәкфир» жамағатының дәуірі басталады, адамдар атамзаманғы қарулармен (қылыш, найза, садақ т.б.) соғысты жалғастырады.

«Тәкфир» жамағаты өздерін имаматтық (басқару), ижтиһад (үкім шығару қабілетіне ие болу) дәрежесіне жетік, деп есептейді.

«Тәкфир» жамағатының мүшесі мархұм Әбдрахман Әбу ал-Хайрадың «Мұсылмандар жамағатының зікірі» атты кітабы жамағаттың қадірі де қасиетті кітабы саналады.

Мұсылмандарды кәпірге шығару мәселесі баяғыдан, яғни сонау хауариждер дәуірінен келе жатыр. Хауариждердің ғылыми және практикалық еңбектері әлденеше ұрпаққа жеткен. Біздің заманымызға келіп сол діни көзқарастардың қайта ойнауына ислам қоғамдарындағы бұзықтық пен құдайсыздықтың өріс алғаны, ислам әрекеттеріне қарсы соғыс жүргізіліп, түрмеге түскен дағуатшылардың қатал тәртіп пен ащы азап көрулері себеп шығар.

«Тәкфир» жамағаты діннің ақиқатын білмейді, дәлел-құжаттары түсінуге зер салмайды, харам үкімдеріне нормадан шығады, діни көзқарастары тұрақсыз, тарихты саясатты, өмір мен барлықты және әһлус-сунна уәл-жамаға бағдарламасын түсінгісі келмейді.

«Тәкфир» мұсылмандардың арасына іріткі салып, олардың бірлік-ынтымағын кетіреді, үлкен дау-жанжал шығарады, мемлекеттің саяси-экономикалық бағдарламасының нығаюына кедергі келтіреді, әрқандай ланкестік іс-әрекетке барады, халықтың дінге деген ынта-ықыласын кемітеді т.б. зияны аз емес.

 

 

 

«Уаһабилік» немесе «Сәләфилік»діни ағымы

«Уаһабилік» немесе «Сәләфилік» — діни – саяси ұғым. Бұл ағым ХҮІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. «Уаһһабилік» оны мекенде туып өскен әрі өзінің діни көзқарастарын таратқан Мұхаммед ибн Әбдәл-Уаһһаб деген кісімен байланысты. Ал, «салафилік» Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар мен оның сахабаларының дәурін қайтару ұғымына жақын. «Сәләф» сөзі «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Кейбір ислам ғұламалары мұсылмандардың алдыңғы үш толқынын «сәләфилер» деп атады. Олар – сахабалары (Пайғамбарды (с.ғ.с.) көргендер), тәбиғиндер (сахабаларды көргендер) және табаға-тәбиғиндер (табиғиндерді көргендер). Өздерін «сәләфи» деп санайтын мұсылмандар сол сәләфилер сияқты Құран Кәрім мен сүннетке ғана сүйенеміз дейді. Сәләфилар мұсылмандарды Алланың бірлігіне шақыру, ислам дінін хұрафат-бидағат амалдардан тазалау, дінімізді Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) заманындағыдай қалпына қайтару, араб әлемін біріктіру сияқты мақсаттарды ұранға айналдырып алған.

«Сәләфилік» ағымының негізін қалаған Мұхаммед ибн әл-Уаһһаб Ханбали мазһабын ұстанған. Алғашқы діни білімді өз әкесінен алды. Кейін Меккеде Мадинада, Басрада, Бағдадта оқыды. Көп жыл саяхатта болды. Әкесі дүниеден қайтқаннан кейін өз еліне қайтып, діни жетекші қызметін атқарды.

ХVІІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап өзінің діни-саяси күресін ауқымды жүргізе бастады. Араб елдерін біріктіру деген ұранмен шыққан бұл әрекет көп ұзамай Саудтың туына, кейіннен династияның ресми идеологиясына айналды. Қазіргі таңда олар барлық жерде өкіметті қолға алу және сол арқылы өз мақсатына жету үшін тоқсаусыз күрес жүргізуде. Осы ниеті амалға асу үшін дінді құрал ретінде пайдалануда. Уаһабилер әрекеті тарихта қанды іздерін қалдырған. ХІХ ғасырдың басында олар Мекке, Мадина қаласындағы барлық қабір тастарды, тіпті Айша мен Фатима аналарымыздың және көптеген сахабалардың сағанасын жермен жексен етті.

Олар отаршылдардың көмегімен, Осман түріктеріне соғыс ашады, ал олардың ұстанған ханафи мазһабын күпірлік деп жариялайды. Мұхаммед ибн әл-Уаһһаб өзіне дейінгі мұсылмандарды қасиетті Құран мен сүннадан ауытқып келген деп санады. Олар тариқат сопыларын мүшрикке шығарды; дінсіздерге, зекет бермейтіндерге және намаз оқымайтынтарға қарсы жиһад ашуға рұқсат етті, дүниауи мәдениет және өнермен айналысуды (музыка, театр, көркемсурет және т.б.) кешірілмейтін күнә санайды. Олар Ислам әлемі 14 ғасырдан бері мойындап келе жатқан 4 мазһабты мойындамайды.

Олар тиым салған амалдар:

  1. Өлгендерге Құран оқу, бағыштау;
  2. Мазарларға бару;
  3. Тәспі қолдану;
  4. Дұғаларда пайғамбарлардың, әулиелердің, періштелердің есімдерін айту;
  5. Мешіттерге садақа беру;
  6. Пайғамбарымыздық туылған күні, яғни мәуліт күнін атап өту, т.б..

Олар мен ханбали мазһабы арасындағы айырмашылықтар:

  1. Намазды міндетті түрде жамағатпен оқу;
  2. Иман калимасын айтумен, иманды саналмайды;
  3. Тәспінің орнына саусақ буындарынқолданады;
  4. Мешіттердің мұнарасы болуына, сәнделуіне қарсы;
  5. Пайғамбарымыздың «с.ғ.с.) қабірін зиярат етуді көптәңірлікке теңейді, т.б..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдары Қазақ­стан үшін беймәлім, жаңа “дәс­түрлі емес” діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ,  пресвитериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ “Жаңа аспан” сияқты протестанттық шіркеулер, “Сайтан шіркеуі”, “Саен­тология шіркеуі” сияқты т.б. діни бірлестіктер көріне бастады.

Миссионерлік – діни ұйымдар­дың ілімдерін таратуға арналған діни және саяси қызмет. Қазіргі кезде миссио­нерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия халық­тары арасында қарқындап, мақсат­ты түрде жүргізіліп отыр. Миссио­нерлік ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайы­рым­дылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар мате­риалдық және моральдық  тұрғы­дан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады.

Көптеген миссионерлер жергі­лікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық және неопротестанттық шіркеу­лердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізеді.

Жұмыссыздар, өмірден өз ор­нын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық  қиын­дықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді.

Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық  (православия бағыты) және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнық­тырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті ны­ғайтуға  қызмет етеді. Қазақ хал­қының  мәдениеті мен руханияты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді.

 

«Негізінде Аллаһ әділеттілік пен игілік-жақсылықты және де ағайын-туысқа қарасып, жәрдем етуді әмір етуде. Және де арсыздыққа, жамандық жасауға һәм азғындыққа тиым салуда. Сөзсдерінде тұрар, ойланар деп Ол сендерге насихат беруде» (Нәхыл сүресі 90 аят). Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз өзінің хадис шәріптерінде «Мұсылман – мұсылманға бауыр» дейді. Жалпы айтқанда асыл дінімізде өзге дін өкілдерінің ар-намысына, жеке құқығына қол сұғудан қайтарған. Тіпті, пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайхи уасаллам жылына бір келетін Құрбан айт күндері сойылған мал етінің бір бөлігін өз дін өкілдеріне сый етуді әмір еткен.

Мешіттердегі уағыздарда да халықтардың бірлігі мен ынтымағына үлкен мән беріледі. Өйткені ынтмағы мен бірлігі күшті ел ғана қандай қиындықты болса да жеңеді. Аллаға шүкір, өтпелі кезеңнің қиыншылықтары артта қалуда. Ел экономикасы аяғынан тұрып келеді. Халықтың тұрмыс жағдайы мен әл-ауқаты да біртіндеп жақсарып  келе жатқанын көріп отырмыз және оған шын жүректен қуанамыз.

Дін өкілдері де жас мемлекетіміздің рухани тірегі, тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі, этностығының үлкен белгілері – мәдениетіміздің көркейіп, тіліміздің кіріптар халден құтылып, сайын даласында еркін самғауы жолындағы мұраттардан тыс қалмауға тиіс. Қазіргі таңда әсіресе елдің рухын көтеріп, отаншылдық сезімін ояту, күшейту қажет деп санаймыз. Сөйтіп дініміз арқылы да ертеңгі күнге – қазақ елінің болашағына, ұлттық бірлігімізді нығайтуға  қызмет ету  әрбір ел азаматының ең үлкен міндетіміз деп білеміз.

Әйтсе де, біздің ұлық дінімізге соңғы кездері түрлі жағымысыз «измдерді» таңып, қара күйе жағуға тырысушылық байқалуда. Мұның астарында әлдекімдердің тасада тұрып тас атуы, көздеген белгілі бір мақсаты жатыр деуге әбден болады.

Исламда терроризм де, басқа да «измдер» жоқ.  Бұлардың дінімізге он қайнаса сорпасы қосылмайды. Токиодағы метрода улы газ шашып қаншама адамның өліміне апарып соқтырған «Аум Сенрике» сектасын ешкім де «Будда терроризмі» деп атаған жоқ.

Батыс елдерінің бірі болып саналатын Испанияда бірнеше жарылыстар болды. Бірақ ешкім де оны сол елдің дінімен байланыстырған жоқ. Бұзақы топтардың аты аталып, түсі түстеліп анықталды. Ислам білім, ғылым діні. Ғылым қаншалық дамыған сайын қасиетті Құран Кәрім де дами түседі.

Біз дінімізді түрлі саяси мақсатқа пайдаланғысы келетіндерге жол бермей, әрі олардың жетегіне кетпей, біртұтас Қазақстан үшін жұмыла жұдырық болып, діндер арасындағы түсіністікке, диалогқа жол ашып, жікшілдік пен фанатизмге тосқауыл болуға тиіспіз деп санаймыз.

Ислам діні адамдарға тек руханият жағынан ғана емес, дүнияуи жағынан да мәліметтер береді, мына өмірдің ізгі жолын түсіндіреді.

Ислам қағидаларының бәрі де ақылы бар адамға түсінікті һәм логикалық үндестігі сақталған. Исламда түсініксіз, зиянды, керітартпа қағидалар мен бұйрықтар жоқ.

Дiн – бір ұлттың меншiгiндегi дiн емес. Ол адам таңдамайды. Мейлi ол қара болсын, ақ болсын, бай болсын, кедей болсын, бөлiп жармайды. Исламият бүкiл ғаламдық дiн болғандықтан, ұлтшылдықты, нәсiлшiлдiктi қоштамайды. Бiр ұлттың немесе нәсiлдiң басқаларға үстемдiгiн қабылдамайды.

Әр азамат өз қарақан басын ғана ойлап, сөз бостандығын қалқан етіп біріміздің біріміз жағамыздан алып, жазықсыз да негізсіз жала жауып, сүріндіруге тырыссақ, өзіміз де, еліміз де қасірет шегеді. Осыны ұмытпаған жөн дер  едік.

Ата – бабаламыз  «Ырыс алды – ынтымақ»,  «Бақ қайда барасың деп сұрағанда, Бақ ынтымаққа, бірлікке, сабырлыққа барымын деген».  Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың пайдасы да, ғибраты да мол. Жаратушы Иеміз бір,  кітабымыз бір, пайғамбарымыз бір, мазһабымыз бір, Отан біреу, жер біреу, тіл біреу. Ендеше базбіреулердің неге бөлінгісі  келеді? Неге кейбіреулердің үй ішінен үй тіккісі келеді?  Егемен ел болып, еңсесін көтерген халқымызды жерге қаратпайық. Елдің, діннің, тілдің ертеңін ойлайық.

Бүгінгі күні халық пен жер, дін, Отан тұтастығын сақтап, дербес те тәуелсіз мемлекеттігімізді одан әрі баянды етуден артық міндет жоқ.

Кемеңгер, ақын Абай атамыздың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегендей, әр уақытта ауызымыздан Алланың сөзі, қолымыздан  Құран Кәрім түспесін дегім келеді.

Андалусия ғұламалары ашғари мектебінің түлектері болғаны белгілі. Бірақ, қазіргі сәләфилік идеяның негізін салған ондағы ханбали мазхабының кейбір ғалымсымақтары елдегі мешіттерде жүріп жатқан дәрістердің барысында өз пікірлерін тықпалап, ашғари мектебінің тәлімдерін жоққа шығарып, дау‑дамайларды тудырып бүлік шығаратын еді. Бұдан кейін он үшінші және он төртінші ғасырларда Шам өлкесінде 1263-1328 жж. өмір сүрген Ибн Тәймия аталмыш идеологияның жалауын көтерді. Ол ислам әлеміндегі дәстүрлі бағыттағы сенім мектептері — ашғари, мәтруди тәлімдерін адасқан деп сынап, қаралады. Аталмыш бағытта томдап еңбектер жазып, бұл идеологияны қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Бүгінде өзіміз білетін сәләфизм идеясы аталмыш кезеңдерден бастау алып, ХVIII ғасырда қазіргі Сауд Аравия жерінде өмір сүрген Мухаммед бин Абдулуаххабтың қолында жаңғырып, өзге діни мектептерге қарсы ерекше агрессиялық үлгіде дамып қалыптасты. Сондықтан тарихта бұл топ уахабилік және уахабилер қозғалысы деген атаумен танымал.

 

 

 

 

 

 

 

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», – деп дана халқымыз текке айтпаған. Осынау алмағайып заманда мұсылмандардың басын біріктіріп, ел игілігі мен бірлігі секілді ортақ мақсаттарға жұмылдыру басты назарда болмақ. Расында да, жері кең, ал саны аз қазақ халқына ауызбіршілік керек. Ол үшін бірігіп іс жасауымыз қажет. Ұлы Жаратушымыз Қасиетті Құранда: «…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты» («Мәида» сүресі, 2-аят), – деген.

 

Дін ғұламалары: «Фиқһ ілімінің дәнін Абдулла ибн Мәсъуд (р.а.) екті, Имам Әлқама өніп шыққан егінді суарды, Ибраһим ән-Наһаъи піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге тартты, Имам Әбу Йусуф ұннан қамыр жасады, Имам Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық халық осы күнге дейін Имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды жеп келеді» деп Ханафи мазһабының негізін қалап, оны нығайту жолындағы фиқһ ғұламаларының жасаған қызметін баяндайды.

Имам Ағзам Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит (р.а.) һижраның 80 (699) жылында Ирактың Куфа қаласында өмірге келген.

 

فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفًا فِطْرَةَ اللهِ الَّتِي فَطَرَ النَّاسَ عَلَيْهَا لاَ تَبْدِيلَ لِخَلْقِ اللهِ ذَلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لاَ يَعْلَمُونَ

«Ендеше, (Ей, Мұхаммед) бетіңді ханиф (тура, шынайы) дінге бұр. Адамдарды Алла әу баста сол дін үшін жаратқан. Құдай жаратқанды өзгерту мүмкін емес. Сенің дінің хақ дін, тек көп адам соны білмейді»,–дейді («Рум» сүресі, 30–аят).

 

 

 

Діндер арасындағы үнқатысу мұсылманшылыққа да жат дүние емес. Алла Тағала Пайғамбарға (с.а.с.) басқа дін өкілдерімен сұхбат құруға шақырған. Алла Тағала былай дейді: (Айт, уа, Пайғамбар) «Уа, Кітап иелері! Қанеки, келіңдер, бізге де, сендерге де ортақ сөзге [тоқтамға]келейік те, Алладан басқа ештеңеге табынбайық, Оған ештеңені серік етіп қоспайық, бір-бірімізді Алламен бірге ие тұтпайық» деп айт. Егер де олар теріс айналса, «Біздің мұсылман екендігімізге куәгер болыңдар» деп айтыңдар» (Әли Имран сүресі, 64-аят).

Елімізде дәстүрлі емес культтер қатары өсуде. Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда болды.  Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін “Динае­тика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім” атты еңбегінде қорытындылаған.

Сонымен қатар, елімізде экстремистік бағыт­тағы “Хизб-ут-тахрир” (“Азат ету партиясы”) ұйымының заңға қай­шы әрекеттері  жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты — Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мем­лекеттік құрылысын мойында­май­ды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық  күрес, идеология­лық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізіледі. Кейінгі жылдары мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзім­сіздігі ислам дініне жат.

Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар туындамады. Өйткені хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын алып отырған.

Бұл туралы Алла тағала мұсылман үмбетін:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الأَمْرِ مِنْكُمْ فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللهِ وَالرَّسُولِ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ذَلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلاً

«Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар. Егер өзара бір нәрсеге келісе алмасаңдар, оның жайын Алладан, пайғамбардан сұраңдар. Аллаға, қиямет күніне сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін қайырлы, әрі тиімді»[14], – деп ескертеді. Шариғаттың негізгі мәселелері Құран мен хадисте қамтылған. Сондықтан пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) ислам қауымына:

تَرَكْتُ فِيكُمْ أَمْرَيْنِ لَنْ تَضِلُّوا مَا تَمَسَّكْتُمْ بِهِمَا: كِتَابَ اللَّهِ تَعالَى، وَسُنَّةَ رَسُولِهِ

«Мен сендерге екі нәрсені қалдырып барамын. Егер оларды бекем ұстап, амал етсеңдер, ешқашан адаспайсыңдар. Олар – Алланың кітабы (Құран Кәрім) және Алла Елшісінің сүннеті»[15], – деген.

Мұсылмандардың саны көбейе түсті, мәселелер өз арнасынан аса бастады. Мінеки осындай кезде сахабалар Құран мен сүннет негізінде, өз білімдеріне сүйене отырып, туындаған мәселелерді шешіп отырған.



[1] «Хужурат» сүресі, 13-аят.

[2] «Юнус» сүресі, 57-аят

[3] Тирмизи, Фәдәилул-жихад 12

[4] Әнғам, 151

[5] Н. Һәйсами, Мәжмә’у’з-зәуаид уә манбаул-фауаид, Каир, ж.ж., 1т., 61,109-б.

[6] «Бақара» сүресі, 191- аят

[7] «Ниса» сүресі, 59-аят.

[8] Муслим, риуаяты.

[9] Муслим, риуаяты.

[10] «Бақара» сүресі, 217-аят.

[11] «Мәйдә» сүресі, 32-аят.

[12] «Ағраф» сүресі, 56-аят.

[13] «Мәйдә» сүресі, 64аят

[14] «Ниса» сүресі, 59-аят

[15] Муатта, Қадар, 46, II/899

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники