Төлеби ауданы: Жұмыстың жемісі жүйеде

Атқарылған жұмыстың жемісі оның белгілі бір жүйеге бағынып, белгілі бір қағидалардың орындалуына тікелей қатысты екені мәлім. Бұл тұрғыда Бауыржан Момышұлы атамыздың «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген құнды сөзі құнын жоймай келеді. Осы мақсатқа орай 14-29 сәуір аралығында арнайы комиссия құрылып, Төлеби ауданына қарасты 58 мешіттің тазалығы, көгалдандыру, құжаттарының түгелдігі, имамның бұйрығы, тақырыпқа сай уағыз жүргізуі, жат ағымдармен жұмыс жүргізу барысы, мешіттің жылыту жүйесі, дәретхана мәселесі, газет журналға жазылуы т.б бір қатар мәселелер тексерілді. Тексеру комисия мүшелері ретінде Облыстық бас есепшінің көмекшісі А.Асанов, аудан имамы Б.Қалдаров, найб имам Ү.Саурбаев, есепшісі К.Ахатов, азаншы С.Мухуддинов те қатысты. Тексеру барысында халықпен кездесіп, олардың ой-пікірлері мен мұң-мұқтаждары тыңдалды. Осындай жұмыстың нәтижесінде кейбір ауылдағы мешіттерден кемшіліктер табылып, оларды қалпына келтіру мәселесі де қозғалды, сонымен қатар кейбір мешіттердің  жұмыстары көңілге демеу беріп, өзгелерге үлгі тұтарлықтай жұмыстары бар екендігі анықталды. «Сын түзелмей мін түзелмейді» деген дана сөзге орай орынды сындар айтылып, алдағы уақытта сол олқылықтарды реттеудің жолдары қарастырылатын болады.






Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники