ОҢТҮСТІКТІҢ 431 ИМАМЫ ДӘРІС АЛДЫ

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің үш бағыт бойынша берілген тапсырмасы аясында, имамдардың діни білімін шыңдау, түрлі кереғар ағымдардың алдын алу және Имам Ағзам мазхабы мен Имам Матриди ақидасын тереңдетіп оқыту мақсатында «Шымкент» медресесінің жанынан алты күндік «ОҚО Имамдардың білімін жетілдіру» семинары наурыз-сәуір  айларында өз жұмысын жалғастырды.

           Жалпы, семинар барысында екі айдың ішінде облыстың 431 имам-молдалары дәріс тыңдады.

        Семинарда мына пәндерге басымдық берілді. Атап айтқанда:

            1.Ақида (сенім негіздері).

            2.Тәжуид- Құран.

            3.Фиқһ (шариғат үкімдері).

            4.Хадис ілімі.

            5.Тәзкия (дін қызметкерінің этикасы) дәрістері жүргізіледі.

   Аталмыш семинарда өкіл имам Бейбіт қажы Әліпбекұлы мен облыс имам орынбасары әрі РАНТ-ның мүшесі Еркебұлан Қарақұлов пен дінтанушы Дастан Желеуовтер дәріс оқуда.

Жалпы, апталық семинар барысында бұйрықтан өткен 1077 имам, молда оқитын болады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники