Республикалық ақпараттық насихат тобы Шырайлы Шардарада жұмысын бастап кетті.

Сәуір айының 24 — ші жұлдызы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен еліміздегі белгілі дінтанушы ғалымдардан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имам орынбасары Қарақұлов Еркебұлан Ибраймұлы, Шымкент қаласы Саяси қуғын сүргін мешітінің найб имамы Арқабаев Әлжан Садыханұлы шырайлы Шардара ауданына арнайы ат басын тіреді.  Шардара ауданының әкімі Айтөреев Қамытбек Нұржанұлы арнайы Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі  Қарақұлов Еркебұлан Ибраймұлын, аудан имамы Асылхан Данияровты қабылдап, РАНТ мүшелерінің жұмысымен танысып, қасиетті дінімізді насихаттау жолындағы жұмыстарына сәттілік тілеп, аудан халқы атынан ризашылығын білдірді. Шардара қаласында орналасқан №16 Колледжде ұйымдастырылған кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, қалалық қоғамдастық төрағасы Ілесов Қыстау Інайұлы, колледж директоры Талбидин Зәкірхан Раманқұлұлы, аудан имамы Асылхан Данияров, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арапбек Алибеков, ҰҚК — нің өкілі, аудандық баспасөз хатшысының операторы Мейрамбек Пасенов, «Өскен — өңір» газетінің тілшісі Шырынбеков Бодық, фото тілші Жанар Абдрахманова, Шымкент телевидениесінің  өкілдері қатысты. Аталмыш ақпараттық топтың мүшесі Қарақұлов Еркебұлан Ибраймұлы, Саяси қуғын сүргін мешітінің найб имамы Арқабаев Әлжан Садыханұлы алғашқы жұмыс кестесіне сәйкес №16 кәсіптік колледждің ұстаздары мен студенттеріне, «Күміс жағажайда» дала жиынында апталық әскери дайындықта жатқан аудан көлеміндегі 18 мектептің жоғарғы сынып оқушылары, Алатау батыр ауылы «Сырбай Кәттебеков» жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен ауыл тұрғындарына Республикалық ақпараттық насихат тобының жұмысымен таныстыра келе, «Отанды сүю иманнан», «Ислам ынтымақ бірлік діні», «Кері тартпа діни ағымдар», - атты тақырыпта уағыз — насихат жұмысын бастап кетті. Кездесу одан әрі Шардара орталық мешіті және  Көксу ауылы «Салықбай ата» мешіт жамағаттарына ақида мәселері турасында уағыз — насихат айтып, сұрақтарға жауап берілді.  Еркебұлан қажы Ибрайымұлы жамағатқа  қасиетті Құран Кәрімнің бірнеше аяттарынан мысалдар келтіре отырып, оның мағыналарын кеңінен түсіндіріп, әр істе белгілі бір адамның пікірін ғана ұстанып, басқа пікірлерді жоққа шығарудың қате екендігін, дінге әділет көзімен қарау керектігіне кеңінен  тоқталып өтіп, жамағатты бірлікке шақырды Кездесу соңында қала әкімі Сапаров Нұрмахан Нартайұлы қабылдап, бүгінгі атқарылған іс — шараларға разы болып, дін насихаттан тұратындығын ескере келе алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. «Өскен — өңір» газетінің бас редакторы Бисенбиев Есенбай Рысқұлының қабылдауында болып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелерінің  негізі мақсатын түсіндіріп, аталмыш газеттің имандылық айдарына  сұхбат берді. Шардара ауданында РАНТ мүшелерімен өткен кездесуде жалпы саны 1210 адам қамтылды.

Алдағы уақытта Шардара  ауданының шалғай орналасқан ауылдарында да көптеген кездесулер өткізу жоспарлануда.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Колледжде 67 қызметкер, 260 студент, дала жиынында 710 оқушы, Алатау батыр ауылы С. Кәттебеков мектебінде 130 оқушы, мешіті жамағаты 10, Көксу ауылы «Салықбай ата» мешітінде 20 адам, «Шардара» орталық мешітінде 13 адам.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники