Сарыағаш ауданы: Имамдар арасында Құран жарысы өтті

Пайғамбарымыз  Мұхаммед  Мұстафа (с.а.с ) хадисінде  «Құранды шебер оқуға машықтанған жан,  Құранды  жазуға тағайындалған мәртебелі  періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кібіріктеніп қиналса екі саупа алады.-дегендей Имамдарды Құранды шебер оқуға ынталандыру мақсатында Сарыағаш қаласының Мәдениет сарайында ОҚО-ның өкіл имамы  Бейбіт Мырзагелдиев, Мұхаммеджан Естемиров, Сарыағаш аудан әкімі Бұхарбай Парманов, ардагерлер төреағасы Мұстафа Сүлейменов, Төбе би Рахымберді Оспанов Сияқты ауданымыздың бетке тұтар азаматтарының ұйытқы болуымен, «Нұрман молда Нұмаханұлының  100 жылдығына»- орай  ОҚО-ның ҚМДБ-ға қарасты имамдарға аудан аралық облыстық  Құран жарысы отті.

    Жарыс нәтижесіне байланысты:

1-орын. Сарығаш қаласының «Хазірет Әбу Бәкір» мешітінің Қалназаров Темірхан  лайықты деп табылып, теледидармен марапатталды.

2-орын. Мақтарал ауданының «Өткелбай» мешітінің имамы Тохтаев Умиджан лайықты деп табылып, тұрмыстық техникамен марапатталды.

3-орын. Қазығұрт ауданының «Исмайыл ата» мещітінің имамы Қошанов Бахтияр лайықты деп табылып, тұрмыстық техникамен мараптталды. Ал басқа да қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Сарыағаш ауданының Әкімі өз сөзінде Бұл іс-шара алдағы уақытта жалғасып отырады, деп сөз соңында өзінің ыстық лебізін білдірді. Іс-шараға қатысқандарда, қонақтарда арнайы жайылған дастарханнан дәм ауыз тиді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники