Қазығұрт ауданы: Дін өкілдері ардагерлерімізді ардақтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО өкілдігінің тапсырмасы бойынша Қазығұрт аудан бас имамы Е.Полатовтың  ұйымдастыруымен Ұ.О.С. мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетуге байланысты «Ардагерлерімізді ардақтайық» атты іс-шара қолға алынды..

Тапсырмаға  байланысты 7 мамыр күні сағат 10 00-де ондық алқа мүшелері және елді мекеннің бірқатар азаматтардың қатысуымен жиналыс жасап,  ұсыныс айтып, игі істі бірлесіп ұйымдастыруға шақырдым.

Ұсынысымды   мешіттің ондық алқа мүшелерімен,елді мекенінің азаматтары қолдай отырып, Ұ.О.С-ның 69 жылдық мерекесіне орай 9-шы мамыр күні «Кезеңбұлақ» мешітінде Ұ.О.С. мен тыл ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік іс шара мешіт ауласында болып, мерекелік леп береді шарлармен безендіріліді. Мерекеге аудан орталығы және елді мекен халқы қатысты.

Жеңіс мерекесіне келген қонақтар мен ардагер ағаларымыз бен аналарымызды жылы шыраймен күтіп алып мерекелік дастарханға отырғызылды. «Ардагерлерімізді ардақтайық» атты іс-шараны ашып беру үшін. Кезеңбұлақ ауыл биі Тұяқбаев Құрақбай ағамызбен ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалмырзаев Әмірсейіт ағамыз бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс-шарамызды ашық деп жариялады.

Одан соң сонау сұрапыл соғыста ұрпагы отаны үшін от кешкен кеудесін жау оғына тосып, отаны үшін қаза тапқан ата-бабалар рухына арнап алғаш құран бағыштаумен бастадық.

Жиналған көпшілік соғыс кезінде қаза тапқан қандас бауырларын бір сәтке үнсіздікпен еске алды. Кейін аудан орталығынан келген өкілеттің қонақтарға құттықтау сөз берілді. Алғашқы болып құттықтау сөзін еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз ағамыз Кенжебаев Төлтай ағамыз өз ізгі тілегін білдіріп Жеңіс мерекесінің 69 жылдығымен құттықтады.

Құттықтау  сөзін алған бауырларымыз аудан әкімінің кеңесшісі Қалдияров Жанай,аудан бойынша бас имам Полатов Еркін қажы Тұрғынұлы, Қазығұрт ауыл әкімі Зұлпықаров Фархад, ауданының маслихат депутаты Ауған соғысының ардагер ағамыз Қайыпов Гауһарбек ағаларымыз көпшілікті жеңіс мерекесінің 69 жылдығымен құттықтап,  Ұ.О.С. ардагерлерімен тыл ардагерлеріне сый көрсетіп шапан жауып, апаларға мерекелік көйлек және гүл табысталды.

Жеңіс мерекесіне жайылған дастарханнан дәм беріліп, ән жырлармен, күй термелер тартылды. Мереке барысында Төлебаева Тәшкүл, Қайыпова Жәмилә аналарымыз да өз тілектерін жеткізіп жатты.

Ұйымдастырылған іс-шарамыздың соңында Тұяқбаев Құрақбай қажы атамыз және Қалмырзаев Әмірсейіт ағамыз  ҚМДБ ының басшылығының бастамасын ұйымдастырып отырған аудан имамына,  ұйымдастыруға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып үлес қосқан азаматтарға шын жүректен ізгі тілектерімен, ризашылықтарын білдіріді. Ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың ақ баталарын беріп, аудан имамы Е.Полатов құран бағыштады.

«Кезеңбұлақ» мешітінің имамы: Жумағұлов Балабек Исақұлы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники