Еркін Тұрғынұлы: Иманды ұрпақ, отанымыздың болашағы

ҚМДБ ының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің негізгі үш тапсырманың бірі қамқорлық жұмыстарын жандандыру тапсырмасына орай ауданымызда атқарылып жатқан игі істің бір үзіндісін ортаға салғымыз келіп отыр.

Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.у. «Отанды сүю иманнан» деген. Ал сүю тек қана сөз жүзінде қалмауы тиіс. Қолымыздан келгенше отанымыздың көркеюіне үлес қосуымыз керек. Мемлекетіміз  Аллаға шүкір жылдан жылға жақсарып келеді. Жұмыссыздық деңгейі азаюда. Халықтың арасында бала-шағасы көп, жетім жесірлерге барынша қолдау жасап, әлеуметтік жағдайларын мемлекетіміз жақсартуда. Біз бұндай отбасыларға тек мемлекет қарасу керек деп қарап отырмастан, жағдайы келген азаматтар қамқорлық жасап үлесімізді қосуымыз тиіс. Жер жердегі мешіттер мүмкіндіктеріне қарай қамқорлық жұмыстарын жақсы жолға қойылып, көмек жұмыстарына мешітке түскен садақа қаржысынан немесе демеушілер тарту арқылы ұйымдастырылып келеді. Аудандық орталық мешітке келушілердің басым көпшілігі жастар. Әсіресе жұма күндері жұма уағызымызда ҚМДБ-ының бекіткен жұма тақырыбын дұрыс пайдаланып, тақырыпты кеңірек ашуға тырысып келеміз. Өйткені айтылған уағызды жастарымыз ұйып беріліп тыңдап отырады. Уағызымыздың барлығы иманды болу, отанды сүю, жақсы мінез құлыққа ие болу, жаман қылықтардан аулақ болу, ата-анаға, туыс-бауырларға, көршілерге жалпы адамдармен жақсы қарым қатынас жасау т.б.с.с тәрбиелі насихаттар айтылады.

Айтпағымыз аудан жастары және мешіт жамағаты сүйікті Отанымызды сүю иманнан дегенді сөз жүзінде қалдырмай іс жүзінде атқарып мемлекетімізге үлес қосуда. Былтырғы жылы аудандық орталық мешіті, «Смайыл ата», Молбұлақ», «Молалы» мешіттерімен, мешіт жамағатының 15-20 азаматтарымен бірлесіп жалғыс-басты анамызға шағын үй салып берілді. Мешіт имамдарымен бірлесіп мешітке тіркелген мұқтаж отбасыларға азын аулақ азық түлікпен жәрдем берілуде. Бұл азаматтар үлкен кәсіпкерлер емес, шағын ғана кәсіппен айналысады. Әр айда 1000 немесе 2000 теңгені осындай игілікті іске кәсібінен бөліп отырады. Азаматтар арасынан бір жігіт қазынашы. Бұл азаматтар өз аттарын қашанда атамауды сұранады. Өйткені бұл игі істі Алланың разылығы үшін және отанымызды сүйеміз, мемлекетіміздің өркендеуіне біздіңде үлесіміз болу керек-дейді. Аудан жастарының игі істері сүйсінетін іс. Бұл мақаланы жазбағымыз жақсы іске себепші болуға ой тастау. Иманды ұрпақ, отанымыздың болашағы жастарымыздың отан сүйгіштігіне, жанашырлығына , қамқорлығына тәнті боласың. Сауабын айтыңыз, сауап керек қой, жомарттық мінез ұлық мінез. Ал жомарттық аз-көппен емес, аз болсын көп болсын көңілмен куанышпен ризалықпен болуы. Хадистерде «Қуанғың келсе, өзгені қуант деген». Бір адамға қуаныш сыйласақ, оның қуанғанын көріп өзіміз қуанамыз. Көмекке зәру жандарға қол-ұшын берсек кем болмаймыз, керісінше Аллаһ тағала ісімізге де берекет беріп қояды ағайын,.

Облыс өкілдігі ауданаралық салауатты  өмір салтын құру мақсатында имамдар арасында футбол жарыстарын ұйымдастырып келеді. Біздің ауданымыздың имам спортшылары Арыс ауданында өткен жарыста екінші орынды иеленіп, бағалы сыйлыққа ие болды. Осы сыйлықты көмекке зәру отбасыға берсек қалай болады деп, имамдарыма ұсыныс айттым. Барлығыда қолдап алған бағалы сыйлық затты бір көмекке зәру отбасыға қамқорлық ретінде берілді. Бір істе үш жақсылық: салауатты өмір сүруді қалыптастыру, жеңіс қуанышы, қамқорлыққа зәру жанның қуанышы.

Жаратушы Иемізден Сүйікті Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанымызда жақсылықтары мол, халқымыз аман болсын. Еліміздің жарқын болашағы жастарымыздың бойынан имандылық кетпесін. Тіл көз бәледен аман болуын тілейміз.

Қазығұрт аудан имамы Полатов Еркін Тұрғынұлы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники