Еркін Тұрғынұлы: Жәннәттің қақпалары

Хәзірет Ибн Аббас р.а айтады: «Жәннәттің 8 қақпасы бар барлығы алтыннан және жауқарларды қадап көркемделген және ол қақпалардың біріншісіне Лә иллаһа илләллаһу Мухаммадур расуллуллаһ деп жазылған. Бұл қақпадан Пайғамбарлар, ғұламалар, жомарттар және шәһиттер кіреді. 2-ші қақпасынан дәретті жақсылап алып рукуғ және сәждені кәміл жеткізіп, намаз оқығандар кіреді. 3-ші қақпасынан қуанып ризалықпен зекет бергендер кіреді. 4-ші қақпасынан жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтарған, жақсыларды тағатқа бастап, тауфиһсыздарды күнәдән қайтарғандар кіреді. 5-ші қақпасынан өзіне тақуалықпен күнә істерден сақтанғандар кіреді. 6-шы қақпасынан қажылық және умра қылғандар кіреді. 7-ші қақпа Ғаззат қылғандар кіреді. 8-ші қақпасынан Ата-ананы разы қылғандар кіреді және мұқтаж пақырларға, жетімдерге, қәріптерге көңіл бөліп және жаны ашып көмек қылғандар. Және көздерін харам нәрселерден бекітіп өздерін сақтанғандар». Жәннәтің аттары да 8-түрлі.

  1. Дәрул жәнән
  2. Дәруз сәләм
  3. Жәннәту асмағи
  4. Жәннәтул холид
  5. Жәннәту нағим
  6. Жәннәтул фирдаус
  7. Жәннәтул адна
  8. Жәннәтул фоззоһ. Бұл жәннәт барлық жәннәттардан биігірек және шарапаттырақ. Оның екі

тобақо дарбазасы бар барлығы алтыннан әр екі тобақосының арақашықтығы аспанмен айдың арақашықтығындай барабар. Бұл жәннәтті жаратқанда Аллаһ тағала бір кірпіші алтыннан бір кірпіші күмістен және лайын мүшіктен және топырағын Анвар, зафыраннан жаратқан және ғимараттары мәрмәрдан. Бұл жәннәттә өзендер бар, барлығынан рохмәт суы ағар және барлығы бұл жәннәттән шығып өзге жәннәттәрға ағып барады. Және олардың тастары , құмдары, мәрмәрдан. Сулары қардан суығырақ және әселден тәттірек және кәусәрдің суы да осы жәннәттә аты «Мұхаммедтің бұлағы делінеді». Өйткені Мұхаммед с.а.с қиямет күні құтысымен жәннәттің нұр табақодан алып келіп осы кәусәрдан су алып үмбеттеріне ішкізер. Бұл жәннәттің ағаштары дуруттен жақуттан. Және кафур бұлағы, тасним бұлағы, салбил бұлағы, рахиғ бұлағы деген өзендердің барлығы осы жәннәттә. Олардан өзге өзендерде бар. Пайғамбар с.а.с айтады: « Мираж кешінде мен аспанға шықтым және аспаннан өтіп биікке шығып кете жатқанымда барлық жәннәттар көзіме көрінді. Жәннәттә 4 өзендер көрдім бірінде су, бірінде сүт, бірінде шарап, бірінде әсел ағып тұр. Аллаһ тағала құран кәрімде Мухаммед сүресі 15-ші аятында:

مَثَلُ الْجَنَّةِ الَّتِي وُعِدَ الْمُتَّقُونَ فِيهَا أَنْهَارٌ مِّن مَّاء غَيْرِ آسِنٍ وَأَنْهَارٌ مِن لَّبَنٍ لَّمْ يَتَغَيَّرْ طَعْمُهُ وَأَنْهَارٌ مِّنْ خَمْرٍ لَّذَّةٍ لِّلشَّارِبِينَ وَأَنْهَارٌ مِّنْ عَسَلٍ مُّصَفًّى وَلَهُمْ فِيهَا مِن كُلِّ الثَّمَرَاتِ وَمَغْفِرَةٌ مِّن رَّبِّهِمْ كَمَنْ هُوَ خَالِدٌ فِي النَّارِ أَمْعَاءهُمْ مَاء حَمِيمًا فَقَطَّعَ أَمْعَاءهُ

«Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар;………….»        Осы мазмұнға дәлел қылар.

     Пайғамбар с.а.с айтты: « Мен Жәбірейіл а.с –нан сұрадым: Ей Жәбірейіл бұл өзендер қайдан шығып келеді және де қай жаққа барады. Соң Жәбірейіл айтты : Ия Мухаммед бұл өзендердің баратын жайлары кәусәр хаузы. Бірақ қайдан шығып жатқандарын мен білмеймін. Егер білмекті қаласаңыз Аллаһ тағаладан сұраңыз. Соң мен бұл өзендердің қайдан шығып жатқандығына Аллаһ тағала  маған білдіруіне дұға қылдым. Содан кейін бір періште жаныма келіп маған сәлем беріп айтты: Ия Мухаммед екі көзіңізді бекітіңіз және менің үстіме отырыңыз. Және мен екі көзімді бекітіп оның үстіне отырдым. Және бір сәтте және айтты : Ия Мухаммед көзіңізді ашыңыз мен көзімді аштым. Бір  ағаштың алдында тұрғанымды көрдім. Және ол ағаштың түп турасында бір үлкен күмбез бар. Барлығы ақ мәрмәрмен жаратылған. Оның үлкендігі сондай егер дүниедегі барлық адамдар және жындарды сол күмбездің үстіне жинаса, құдды бір үлкен таудың үстіне бір бұлбұл қонып тұрғандай болар. Және ол күмбездің көк жақұттан және оның құлпы қызыл алтыннан, жәннәтәғы сол төрт өзендерді көрдім , сол күмбездің ішінен ағып шығып келеді. Осы жағдайды көріп және жолыма қайтуды қалап тұрған едім жанымдағы періште айтты: Ия Мұхаммәд с.ғ.у .бұл күмбездің ішіне кіріп көрмейсіз бе?соң  бұл күмбезге қалай кіремін есігіне құлып салынған ғой  дедім. Соң ол періште айтты: Ия Мұхаммад с.ғ.у құлып кілті өзіңізде. Мен айттым: «менде кілт жоқ қой, періште айтты : бұл құлыптың кілті Бисмилләһир рохмәәнир рохиим. Одан соң мен құлыпқа жақын барып, «Бисмилләһир рохмәәнир рохиим» деп айтқан едім құлып ашылды. Мен ол күмбездің ішіне кіргенде осы жәннәттағы төрт өзендер әр бірі осы күмбездің әр тарапынан ағып тұрғанын көрдім. Соң бұл уақиғаны көріп, қайтып шығып едім, перішті айтты: «Ия Мұхаммед с.ғ.у өзендерді көрдіңіз бе? Мен әрине көрдім дедім. Және періште тағы екінші рет кіріп, көрің. Одан соң тағы кіріп уақытымды қойып, күмбездің төрт бұрышын айланып көрдім. «Бисмилләһир рохмәәнир рохиим»  жазылған екен. Бір бетінде «Бисми» оның мим әрпінің тесігінен бір бұлақ су шығып жатыр. Және бір бетінде Аллаһ сөзі жазылған, оның һә әрпінің тесігінен бір бұлақ сүт шығып жатыр. Және бір бетінде «ар рохмән» жазылған оның мимінің тесігінен бір бұлақ шарап шығып жатыр. Және бір бетінде «ар рохим» жазылған, оның мимінің тесігінен бір бұлақ әсел шығып жатқанын көрдім. Соң бұл өзендержің басы (түбі)  «Бисмилләһир рохмәәнир рохиим»  -нан екенін білдім , одан соң Аллаһ тағаладан уахи келді , Ия Мухаммед сіздің үмбеттеріңізден әркім шынайы ықыласпен «Бисмилләһир рохмәәнир рохиим»  десе ондай кісіні қияметте бұл өзендермен сусындатамын. Осы жағдайдағы сенбі күні су ағатын бұлақтан ішер және сенбі күні сүт ағатын бұлақтан ішер, және сенбі күні әсел ағатын бұлақтан ішер, және тағы сенбі күні шарап ағатын бұлақтан ішіп ләззәттәнып , рахаттанып 1000-жылға дейін ауада ұшып барып бір үлкен таудың етегіне жатар. Оның етегінен сәлсабил деген бұлақ шығып тұрады. Және ол кісілер барып одан ішер, ол күн сенбі күні болар. Аллаһ тағала құрани кәрімде «Ғошия» сүресінің 13-ші аятында

فِيهَا عَيْنٌ جَارِيَةٌ

«Онда аққан бір бұлақ бар». осы мағынаға дәлел қылынады.

Қожа «кагбул акбар»  р.а айтады: Жәннәттің ағаштары жайлы Пайғамбарымыз с.а.у сұрадым. Ол кісі ия кагбул акбар білгін жәннәттің ағаштарының шақтары құрамайды, және жапырақтары төгілмейді. Және жемістері таусылмас. Және жәннәттің ағаштарының барлығынан үлкені Туба ағашы. Ол ағаш ақ мәрмәрдан ұшы алтыннан, ортасы күмістен , бұтақтары забражидәддан және жапырақтары харрир. Оның 70000 –бұтағы бар. Олар да барлығынан биігірегі аршының көлеңкесіне жеткен. Және барлығынан төменгі бұтағы 7-ші аспанға жеткен. Оның майда бұтақтары жәннәттің барлық қақпаларына , және барлық бөлмелеріне жетіп көлеңкесі түсіп тұрады.әркез жәннәттә оның көлеңкесі түспеген жәй жоқ. Және жемістерін жәннәттықтар жегенде кемімейді. Оған ұқсас нәрсе дүниедегі күн, бұл дүниедегі күн. өзі аспанда тұрып жер жүзіне сәулесін береді. Оның ыстығынан неше 100000 кісі нәр алған. Сонда да ыстығы кем емес. (жалғасы бар)

(Хақоойқұл Асрор түрки тілінен аударылған)

Аударған Қазығұрт аудан бас имамы Полатов Еркін Тұрғынұлы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники