ҚМДБ: Орыс тілді насихат тобы құрылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан орыс тілді уағыз-насихат тобы құрылды. Наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен алқалы мәжілісте бірауыздан осындай шешім қабылданды.

«Еліміздің кейбір аймақтарында орыс тілді жамағатымыз имамдардың қазақ тілінде айтқан насихаттарын түсінбей жататын жағдайларды байқаймыз. Солтүстік аймақтарда орыс тіліндеге уағыздарға сұраныс көп. Осыны ескере келе, бауырларымызға ұғынықты болу үшін арнайы насихат тобын жасақтау жайлы ұйғарым жасадық», – деді Серікбай Сатыбалдыұлы.

Насихат тобының құрамына орыс тілін жетік меңгерген, діни һәм дүниеуи сауаты жоғары, халыққа даналықпен көркем уағыз айта алатын дінтанушылар мен имамдар енді. Республика бойынша екі топ (5 адамнан) жасақталып, аймақтарда уағыз айтуға кіріспек.

www.muftyat.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники