Түлкібас ауданы: Отан қорғау азаматтық міндет

Төлеби ауданына қарасты Киелі тас ауылдық округіндегі 2041 әскери бөлімінің оқу орталығында «Отанды қорғаудың абзалдығы» атты тақырып аясында семинар болып өтті. Семинарға аудан имамы Б.Қалдаров, аудандық жастар орталығының директоры Қ.Қыпшақбаев, әскер бөлімнің штап бастығы подполковник Ж.Жайсанбаев және әскери бөлімнің 165 сарбазы қатысты. Отан қорғаушы азаматтарға Ислам дініндегі отан қорғау жайлы айтылған аят-хадистерді кеңінен түсіндірген аудан имамы Б.Қалдаров, отан қорғаудың маңызы мен мәніне де тоқталды. Семинар соңында жас сарбаздар көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, семинардан өмірлеріне өнегелі боларлық ой түйді.


Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники