Арыс ауданы: Медресе шәкірттерімен кездесу

Арыс қаласының бас имамы ісін атқарушы орталық «Ысқақ» мешітінің найб имамы Шамсуллин Қуаныш 2014 жылдың 14-ші мамыр күні «Шымкент» медресесінде білім алып жатқан Арыстық шәкірттермен кездесті. Кездесу барысында жазғы демалыс айларында іс-тәжірбиеден өту мақсатында өз қала, ауылдарындағы мешіттерде «Діни сауат ашу» курстарында сабақ беру мәселесі ұсынылып, шәкірттер бір ауыздан қызмет етуге дайын екендіктерінін айтып:

  1. «Шымкент» медресесінің 2-курс студенті Назарқұлов Нұржан Монтайтас ауылы «Монтайтас» мешітіне
  2. «Шымкент» медресесінің 2-курс студенті Садыбаев Қанат Байырқұм ауылы «Рұсқұл Аман» мешітіне
  3.  «Шымкент» медресесінің 1-курс студенті Октябр Жамболат Арыс қаласы «Алтай қызы Құралай қажы» мешітіне барып жаз айларында сабақ беретін болып келісілді.

Ал «Шымкент» медресесінің қыздар бөлімінің 1-курс шәкірті Ислам Бибігүл жаз айларында Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінде қыздарға сабақ беретін болып келісілді.

 Арыс қаласы орталық мешіт баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники