Мақтаралда үздік имамдарға шипажайға жолдама берілді

Осы аптада Мақтаарал аудандық «Өткелбай» мешітінде имам-молдалардың жиналысы болып өтті. Оған аудан имамы Б.Сыздықов арнайы қатысып, атқарылған жұмыстарды  қорытындылады.

 Мәжіліс барысында ҚМДБ-нан және өкілдіктен берілген тапсырмалар уақытылы орындап, үлгі болып, апталық дәрістен үнемі қалмай келетін «Жұман ұлы Базарбай» мешітінің имамы Абдусаттаров Ахметханға демалып кайту үшін шипажайға жолдама берілді. Жолдама екі кісілік, алдағы аптады жұбайымен баратын болды.

 Бұл жолдаманы «Төлеген» шипажайының директоры касіпкер Төлегенов Бақытжан қажы беріп отыр.

 Аудан  имамы Б.Сыздықов алдағы уақытта да әр тоқсан қорытындысы бойынша жақсы жұмыс атқарған дін қызметкерлері шипажайға жолдама берілетін болып шешілді. Жалпы, бұл жолдама құны 120000 (жүз жиырма мың) теңгені құрайды.

Үлгілі имамдарымызға еңбектерінің ескеріліп, жемісін көруді нәсім етсін!

 ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники