Төлеби ауданы: «Дін және жастар»

Ленгер қаласы № 1 мектеп-гимназиясын биылғы жылғы түлектері мен ата-аналары «Дін және жастар» деген тақырыпта үлкен жиын өткізді. Жиынға аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Ү. Саурбаев, мектеп директоры Н.Тезекова, оқу ісінің меңгерушісі К.Жұмакулова және оқушылар мен ата-аналар қатысты. Аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Ү.Саурбаев діннің қоғамдағы рөлі, кереғар діни ағымдардың белгілері мен ерекшеліктері кеңінен сөз болды. Сонымен бірге бітіруші түлектерге білім алудың маңыздылығы, маман иесі болып ата-ана үмітін ақтаудың жолдары жайлы да айтылып, оқушылардың алдағы өмірілік сапарларына сәттілік тілеп, Алладан қайырлы білім сұрады. Мектеп директоры да оқушыларға келелі кеңестерін айтып, ойларын ортаға салды. Жиын соңында тамақ таратылып, Құран оқылып, бата тіледі.

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі  

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники