Жолаев Мықтыбай: Орында Аллаһ амалын!

Орында Аллаһ амалын!

 Әһли сунна, уал жамағат,

Жан берді, саған аманат.

Жар берді, ұлмен қыз берді,

Етсеңші, соған қанағат.

Ақыл ой берген басыңа,

Дос жиып,берген қасыңа.

Үстіңе, киім кигізіп,

Тамақта берген ашыңа.

Жап-жақсы қазір күніміз,

Орнына келер тіліміз.

Қанатын кеңге жаюда,

Құдайға шүкір дініміз.

Сұлуды көрсең бой қызар,

Азғырып, шайтан ой бұзар.

Үйдегі келін асылың,

Қанағат қарын тойғызар.

Өткізбе бекер күніңді,

Бәсеңдеу шығар үніңді.

Одақ,-деп қолың тимесе,

Ұл қызға, ап бер білімді.

Емессің кәрі бүгілген,

Исламға ғана жүгін сен.

Көп болса малың бір жұттық,

Байлықты ізде білімнен.

Жағдайың болса қысылған,

Тәубеге келгін мұсылман.

Бір Аллаһ,-деп біл жалғанда,

Қиялды көкке ұшырған.

Исламмен істі оңғарды,

Құран боп елдің қорғаны.

Аллаһым біздің патшаға,

Тура жол берсе болғаны.

Тап-таза ұста арыңды,

Иманмен атыр таңыңды.

Иманнан тауып қазына,

Ләзәтқа бөле жаныңды.

Жазайын тағы жыр жаңа,

Қарама досқа қызғана.

Аллаһты жалғыз ұлықтап,

Иманды кәміл турала.

Ниетке болса сай намаз,

Байлықта достым пайда аз.

Етсе екен ықпал бір Аллаһ,

Бейнамаздарға жайнамаз.

Ұғынып сөздің бағамын,

Білімге артсын талабың.

Иманды жинап жүрекке,

Орында Аллаһ амалын.

 

Төле би ауданы, Қостөбе елді мекені.

«Елемес -ата» мешітінің имамы Жолаев Мықтыбай.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники