Қаттани мешітінің имамы студенттермен кездесті

Бүгін Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің дін мәселесіне қатысты ақпараттық – насихаттық топтың жұмыс кестесіне сай кезекті мамыр-маусым айларында өтетін тақырыптарға байланысты жиналыс өтті. Жиналысқа Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Б.Абдрахманов, ОҚО Дін істер басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мамандары, Қоғамдық – гуманитарлық  колледждің төреағасы И.Р.Ешімов және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиналысты колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ізбасарова жүргізді. Алғы сөзді алған Қаттани мешітінің имамы жастарға тірбие жқнінде, соңғы уақытта елімізде жүрген теріс пиғылды ағымдар жайлы әңгімелеп берді.

Жиналыс барысында Г.Батырбекова: “Біздің санамызға қауіп төндіретін құбылыс ретінде сіңіп қалған секта туралы не білесіз? Зікіршілер немесе исматуллашылар” атты тақырыпта және А.Бекболат: “Елдік ұлттық менталитетті құрайтын құндылықтарды нығайту мақсатында теріс ағым хизбут-тахирден сақтану туралы мәлімет беру” тақырыбында баяндама жасады. Қорытынды сөзді теолог-маман Ұ.Алиакбарұлы жасады. Сөз соңында студенттер қонақтарға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып жауап алды. Қатысқандардың жалпы саны-150.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники