Сарығаш ауданында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты семинар-мәжіліс өтті

Үстіміздегі жылдың 24 жұлдызында Сарығаш ауданында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты семинар-мәжіліс өтті.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала, поселке, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдері, барлық мешіттің имамдары, төбе билер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында елімізде қазіргі күні ерекше басымдыққа ие болып отырған дәстүрлі діндер және олардың ұлттық салт-дәстүрмен сабақтастығы туралы әңгіме өрбітіп, өздеріңізбен бірге талдау, талқылау жұмыстарын жүргізілді.

Семинардың алғашқы сөз кезегінде аудан әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы «Ислам мәдениеті мен салт-дәстүр сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады.

Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығының» дінтанушы-маманы Ұлықбек Алиакбарұлы «Мұсылман елдеріндегі дәстүрдің дінмен сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады.

Негізгі баяндама мен хабарламалар жасалып біткен соң сөз кезегі Сарыағаш қаласының төбе биі Рахымберді Оспановқа берілді.

Семинар барысында көптеген келелі мәселелер көтерілді. Халық арасында дәстүрлі дін өкілдерінің рөлін көтеру мәселесі бойынша көптеген құнды ұсыныс-пікірлер айтылып, айшықты ойларға кезек берілді.

Мәжіліс барысында келтірілген ойлар мен ұсыныс-пікірлерді алдағы уақыттары өздеріңіз жұмыс барысында қолданып, жүзеге асырады деп ойлаймыз деген сөзбен семинар соңына ерді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники