Арыс ауданы:»Отан отбасынан басталады» атты кездесу өтті

Арыс қаласы М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясында 19-мамыр күні «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің найб имамы Шамсуллин Қуаныш, Облыстық «Жалынды жастар» қоғамдық қорының үйлестірушісі Д.Кадиров, «Жастар орталығы» КММ-ның әдіскерлері М.Сарыпбекова, А.Тәңірбергенова және психологы У.Ахметова, білім бөліміне қарасты мектептердің жастар ұйымы төрайым, төрағалары қатысты.

Бірінші сөз кезегін Облыстық «Жалынды жастар» қоғамдық қорының үйлестірушісі Д.Кадиров сөз алып, Отбасы неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылатындығынан мағлұматтар беріп өтті.

Келесі сөз тізгінін Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің найб имамы Шамсуллин Қуаныш алып, жиналған көпшілікке Отбасы төңірегінде Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у) ұлағатты хадистерін келтіріп, отбасында ер мен әйелдің өздеріне тән міндеттері бар екендігін, сол міндеттерді орындау арқылы отбасы бұл һәм ахыретте бақытқа жететіндігін кеңінен насихаттады. Сөз соңын балалары әке-шешенің, әйелі- күйеуінің, күйеуі- әйелінің, әркім отбасының қадірін түсіне білу қажет деп аяқтады.

 Арыс қаласы орталық мешіт баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники