Мамыр айының 23-ші жұлдызы күні Шардара қаласында орналасқан үш мектептің түлектері «Шардара» орталық мешітінде дастархан жайып, көпшіліктің батасын алды. Дастархан басында аудан имамы А. Данияров «Дұға ету ол да ғибадат» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Соңынан Ш. Бекшораев ақсақал бата жасап, найб имам Н. Байжанов дүниеден өткен барша әруақтарға қасиетті құран оқып, сауабын бағыштады.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікірлер