Түлкібас ауданы: Мүмкіндігі шектеулі балалар үйіндегі қайырымдылық іс-шара

Аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды оңалту орталығы ашылып жұмысын жүргізгелі шамалы уақыт болсада ел ықыласына бөленуде. Бұл ұжымда  20- ға жуық адам қызмет етуде. Бұл  орталықтың  басшысы Тұрсынқұлова Толқын Рысқұлқызы бар күш жігерімен жұмысын жүргізуде. Алайда жаңа ашылған бұл  орталыққа  көп  керекті  заттар  жетіспеуде. Арнайы  осы  орталыққа  келген ауданның  бас  имамы  Бауыржан  Оңалбаев балалар орталығымен танысып аралап көрді. Артынан аудандағы мұсылман қауымының атынан орталыққа кілемдер  тапсырды. Әрине мүмкіндігі шектеулі балаларды көргенде кімнің болсада көзіне жас үйіріліп, жүрегі тебіренеді. Сондықтан да ағайындар өз қайырымдылықтарыңды шектемеңдер, жәрдем беруге асығыңыздар .

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.

21.05.2022 жыл

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники