Арыс ауданы: Мектеп оқушыларымен кездесу болып өтті

23 мамыр күні Арыс ауданы  Көкжиде елді мекеніндегі  М. Мәметова орта мектебінде  «Паржан — ата» мешітінің бас имамы А. Керімбеков  «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында  кездесу өткізді. Кездесуге осы мектептің 9-10-11  сынып оқушылары, мектеп директоры және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты. «Паржан — ата» мешітінің бас имамы А. Керімбеков сөз алып оқушыларға Уахабилік ағымының Отанымызға, дінімізге қауіптілігі жайлы түсіндіріп өтті. Алдағы  ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты әңгімелер қозғалып,тестілеуден үздік балл жинауға тілектестігін білдірді. Тестілеуден өте алмай қалған жағдайда сабыр қылып, өмірдің сонымен тоқтап қалған жоқтығын ары қарай басқада салада жұмыс жасауға болатынын шегелеп айтып өтті.

Арыс қаласы орталық мешіт баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники