Арыс ауданы: Ерекшелікке толы Миғраж кеші аталып өтілді

Дінімізде кейбір айлар мен күндердің және түндердің өзіндік ерекшеліктері бар. Бізде сол дініміздегі айтулы айлар, күндер мен түндерді ішіндегі Исра және Миғраж күні мен түнін шариғаттың рұқсат еткен шарттарына сәйкес өткізуге тырыстық. Арыс қаласы орталық мешітте Исра және Миғраж түні мешітке келіп жүрген мешіт жастарымен құптан намазынан кейін осы түннің қасиеттілігі, басқа күндерден артықшылығы жайында уағыз-насихат болып, соңында жамағатпен таспих намазы оқылып, барша мұсылмандарға дұға жасалынды. Қасиетті Ережеп айының соңында және Миғраж күні ораз ұстау жөнінде көптеген хабарлар келген, соның бірі «Ражаб айының 27-сі күні ораза тұтқан адамға 60 жылдық ораза сауабы беріледі» ( И. Ғазали, Әбу Мұса Әл-Мәдәни), осы айтылғандарға амал ету мақсатында мешіт жамағаттары ораза ұстаған болатын. Ораза ұстағандардың аузын ашып сауабына кенелу мақсатында орталық мешіттің ұйытқы болуыменен мешіт жамағаттары бірігіп ауыз ашар берді. Жиналған жамағаттар бұндай ауызбіршілікке дән риза болып, алғыстарын білдіріп жаты. Бұндай іс-шаралар алдағы уақыттарда жалғасын таппақ.

Арыс ауданы орталық мешіт баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники