Түлкібас ауданы, Балықты округіндегі «Ибадат апа» мешітінде кезекті имам-молдалардың семинары өтті. Облыстық орталық мешіттен наиб имамдар Қарақұлов Еркебұлан мен Желеуов Дастан келді. Ауданға келген облыс өкілдері жергілікті имамдармен және жамағатпен сұхбат жүргізіп уағыз-насихат айтты. Соңынан сұрақтарына жауап берді. Ауданның бас имамы Бауыржан Оңалбаев семинарға келушілерге діни басқарма тапсырмаларын айтып міндеттеді.
«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі:
Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.
Пікірлер