Түлкібас ауданы: Ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Мамыр айының 25-ші жұлдызында Жаңаталап,Қарабастау, Жыланды ауылының тұрғындарымен ауданның бас имамы Бауыржан Оңалбаев кездесу  өткізді. Арнайы бұл мәжілісті ұйымдастырушы еңбек демалысына шыққан ұстаз тәрбиеші болған ауданымыздың танымалды азаматы Жандарбек Айтбаев деген ағамыз. Бұл кісі туған өлкесі туралы жазылған бірнеше кітаптардың авторы. Бүгінгі кездесуге арнап жаңадан баспадан шыққан кітабын көпшілікке ұсынды.Кітап бірнеше тақырыпты қамтыған екен, соның ішінде өзерінің түпкі ата баба шежіресін кейінгі жас ұрпақ білсін деп жазыпты.Кездесу барысында аудан имамы Бауыржан аудандағы діни ахуалды таныстыра келе Қасиетті үш ай ( Ережеп, Шағбан, Рамазан ) туралы уағыз айтты.Қалың көпшілік өз ризашылығын білдірді.Ауыл ақсақалдары шалғайдағы өз ауылдары туралы айта келе, келешекте осы үш ауылға ортақ бір мешіт салу керек екенін айтып ұсыныс білдірді. Көпшілік бірауыздан бұл ұсынысты қабылдады.

 

«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген: Бауыржан Әзиз.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники