Шардара ауданы: «1 — маусым Халықаралық балаларды қорғау күні»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің  бастамасымен «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Тұран» мейрамханасында «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай қаладағы педогогикалық — психологиялық түзету мектебінде білім алушы 65 оқушыға «Аспаның ашық болсын балапаным!», атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Шомпиев, облыстық орталық мешітінің өкіл имам орынбасары М. Естемиров, аудан имамы А. Данияров, қалалық қоғамдастық төрағасы Қ. Ілесов, педогогикалық — психологиялық түзету мектебінің директоры  М. Маханов, БАҚ өкілдері қатыcты. Мерекелік кеште бүлдіршіндер өлең айтып, би билеп көпшілікті бір серпілтіп тастады. Дана халқымыз «Қуанса бала қуансын», — дейді. Әрине баланың қуанышынан асқан бақыт жоқ.  Аталмыш мейрамханада  демеушілер есебінен 120 адамға мерекелік дастархан жайылып,  соңында балаларға орталық мешіттің арнайы «Орамал тон болмайды, жол болады», — дегендей   бүлдіршіндерге сыйлық,  балмұздақ таратып, балалардың көңілдеріне қуаныш сыйлады.  Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне шуақ, келешегіне қанат бітіру әр адамзаттың парызы. Алла тағала халқымызға амандық, отасыларымызға ынтымақ бірлік берсін. Мейірімді жандар көп болып, ырыс береке мол болсын.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники