Төлеби ауданы: Таудағы семинардың серпілісі

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің ұйтқы болуымен Алатаудың баурайындағы «Бастау» демалыс аймағында 1 күндік діни семинар өтті. Семинарға Төлеби ауданының имам-молдалары мен облыс имамының орынбасары Еркебұлан Қарақұлов қатысты. Қаладағы қарбалас өмір мен күнделікті күйбең тіршіліктің ауасынан бір мезет күдер үзіп, табиғаттың ғажайып таза ауасы мен көз тартар керемет көрінісінің аясында дәріс алудың ерекшелігін сезініп қайтты. Таудағы семинардың көпшіліктің көңілінен шыққандығынан болар, ойларын ортаға тастап, өзекті тақырыптардың аясында түрлі сұрақтарын қойып, біліктіліктерін арттырғандарына дән риза болды. Енді бір жағынан Алланың Құранда жазылмаған жаратылыс аяттарының керемет көрінісіне тәнті болған қатысушылар бұдан кейін де табиғат аясында семинар өткізіп тұруды дәстүрге айналдыру керек деген оймен тарасты.

 

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники