«АСПАНЫҢ АШЫҚ БОЛСЫН БАЛАПАНЫМ!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

 «АСПАНЫҢ АШЫҚ БОЛСЫН БАЛАПАНЫМ!»

 атты мерекелік шара ұйымдастырылды

            Жуырда,  облыс орталығынан шалғайда орналасқан Шардара ауданы орталық мешіттің ұйытқы болуымен «1 — маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай,  «Аспаның ашық болсын балапаным!», атты мерекелік  шара ұйымдастырылды.

            Оған  облыс имам орынбасары М.Естеміров, аудан имамы А. Данияров,   қала әкімі Н. Сапаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Шомпиев, психологиялык  педагогикалық түзету кабинетінің  директоры М. Маханов, қалалық қоғамдастық  төрағасы Қ. Ілесов, Шардара ауданы бойынша қажылар қауымдастығының төрағасы Д. Өзденбаев және қала тұрғындары қатысты.

Шара барысында Шардара аудандық  педогогикалық — психологиялық түзету мектебінде білім алушы 65 мүмкіндігі шектеулі балаларға сый-сияпат, әртүрлі ойыншықтар үлестірілді.

Бұл шара соңында жас бүлдіршіндер ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ,  барлық қатысушыларға аудан  имамы А. Данияров  жылдағы дәстүрге сәйкес  «Тұран» мейрамханасында   мерекелік іс-шара орай  120 адамға дастархан жайылды.

Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне шуақ, келешегіне қанат бітіру әр адамзаттың парызы.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники