Шардара ауданы: Ислам бейбітшілік діні

Маусым айының 06 — шы жұлдызы күні Шардара қаласы №16 Кәсіптік колледж студенттерімен «Ислам бейбітшілік діні», — атты кездесуге Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі, Облыстық орталық мешіттінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов, аудан имамы Асылхан Данияров қатысты. Кездесу барысында Е. Қарақұлов уағыз — насихатында Мұсылмандар ешқашан бауырмалдық сезімдерін жоғалтпай, бөлінушілікке жол бермеулері қажет. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде: «Сендерге бірлік пен ынтымақта болуды, бөлінуден сақтануды насихат етемін. Өйткені шайтан жалғыз кісімен бірге, ал екі кісіден аулақ болады. Жаннаттың дәл ортасында болуды қалаған жан мұсылмандардан айырылмасын» (Тирмизи) деген. «Жамағат дегеніміз — мейірімділік, ал бөлінушілік — азап», -  деп қорытынлай келе, жалпы ислам сөзі ынтымақ, бірлік, бауырмалдық дін екендігін жеткізіп кеңінен жеткізіп, шара барысында студенттер тарапынан қойылған  сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники