Шымкентте 8 мың орындық мешіт құрылысы басталды

Бүгiн Шымкенттегі жаңа әкімшілік іскерлік орталығында 8 мың орындық мешіт құрылысы басталды. Алла жазса, мешiт тура екi жылдан кейiн Рамазан айында пайдалануға берiледi деп жоспарланып отыр.

Облыс басшылығы мен зиялы қауым өкілдері Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеретін еңселі мешіттің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Барша мұсылман үшін қасиетті Ораза айының алдында құрылысы басталатын нысан 2016 жылы қасиетті Рамазан айында ел игілігіне тапсырылады.
Мешітте бір мезетте сегіз мың адам құлшылық жасай алады. Мұнда автокөлік қоюға арналған көп деңгейлі паркинг, жеделсаты (лифт), эскалатор, ауа ағымын реттеуге арналған заманауи жүйелер орнатылады. Сонымен қатар, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады.
Ерлер мен әйелдерге арналған дәретхана, гардероб, рекреациялық холлдар орналасады. Мұндағы әйелдерге арналған орынға бір мезетте мың адам сияды. Ғимараттың еденін ауа арқылы жылытып, салқындататын заманауи жүйе орнатылады. Іштегі вентиляция жүйесі Қ.А.Ясауи кесенесінің технологиясы бойынша шешіледі.
Мешіт алдындағы бес мыңнан астам адамға есептелінген алаңда жамағатты күннен, жауын-шашыннан қорғау үшін шатыр болып ашылатын жүйе қойылады. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана, асхана, фитнес залдары, әкімшілік бөлмелер салынады. Кешенде білім алушыларға арналған тұрғын жай мен қонақтарға арналған апартаменттер болады. Облыс тарихында айрықша орын алатын бұл нысан жайлылығымен, қолайлылығымен, сұлулығымен еліміздегі еңселі мешіттердің қатарынан ойып тұрып орын алары сөзсіз. Ақпарат көзі.



Суреттер Берік Уәлидің ФБ-дағы жеке парақшасынан алынды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники