Облысымыздың тұрғыны өз қаражатына мешіт тұрғызды

Елдің таңданысы мен ризашылығына ие болған Бараш Төлешова бұл сыйды қасиетті ай Рамазан қарсаңында жасаған. Ол өз қаражатынан ОҚО-дағы Қасқасу елдімекеніне мешіт тұрғызған. Осылайша ҚМДБ мешіттерінің саны арта түсті. Өңір әкімінің айтуынша бұл елде халық игілігі үшін қаражатын аямайтын азаматтар көп. «Биылғы жыл біз үшін олжалы жыл болды. Мекеніміз жаңа ғимараттармен толыға түсті, әкімшілік, полицейлер пункті, кіреберіске арқалық тұрғызылды, енді міне қолы ашық жомарт апайымыздың арқасында мешітке де қол жеткізіп отырмыз» деген елдімекен әкімі Омар Жанқабылов осылайша ризашылығын жеткізген.

Мешіт таулы аймақтың көркін аша түскен. Жалпы аумағы 220 шаршы метрді құрайтын Құдай үйі бір мезгілде жүзге тарта кісінің намаз оқуына ыңғайланған. Толық шығыны 110 млн. теңгені құрапты. Оның құрылысына тікелей мұрынддық болған Бараш Төлешова ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне сыйға тартқанын мәлімдеген.

 

E-islam.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники