Төлеби ауданы: Жат ағымның жолын кес

Бүгінде адамдар арасында жат ағымға байланысты түрлі алып қашты әңгімелер толастамай тұр. Біреулер жай атын білгенмен түпкі мақсатын білмейді. Ал енді біреулер олардың ара-жігін ажыра алмай, сең соққан балықтың күйін кешуде. Міне, бұл қоғамдағы үлкен проблемалардың бірі. Осы мәселенің алдын алу, халықты ақпараттандыру мақсатында ел арасында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Төлеби ауданы бойынша осы түйіткілді мәселенің түйінін шешуге байланысты «Қайта қылмысты болдырмау және экстремизм мен терроризмді алдын алу» тақырыбының аясында Ленгір қалалық емханасында, Маятас ауылы, Маятас  жалпы орта мектебінде де «Қоғам керағар ағымдарға қарсы» деген тақырыптарда аудан имамы Б. Қалдаров, найб имам Ү. Саурбаев, ауыл имамы А Ыхласов, халықты жат ағымдардың белгілері, олардың түпкі мақсаты жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал елімізге танымал дінтанушы  Абдулла қажы Жолдас «Мәзһаб ұстанудың артықшылығы» деген тақырыпта аудандық «Нұр» мешітінде уағыз-насихат жүргізіп, мешіт жамағатының сауатын көтерді. Міне, осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы дәстүрлі емес діни ағымдардың жолын кесуге үлкен мүмкіндік болып табылады.

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники